Сайлауға әнмен келген ардагерлер: Алматыдағы учаскеде ансамбль өнер көрсетті

Алматының Жетісу ауданындағы сайлау учаскелерінің біріне «Ардагерлер алқасы» ансамблінің мүшелері ерекше музыкалық бағдарламамен келді. Аға буын өкілдері дауыс беруді өнермен ұштастырып, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлауды жөн көрген.

1795935605632860.jpeg

(Сурет: Алматы қаласы әкімдігінен алынды)


«Бүгін сайлауға бүкіл ұжым болып келдік. Музыка – өміріміздің ажырамас бөлігі. Сондықтан дауыс беруге әнімізді ала келіп, айналамыздағы адамдармен жақсы көңіл күйімізді бөліскіміз келді», – деді ансамбль мүшесі Райхан Төлебаева.


Жетісу ауданында ардагерлердің өнер көрсетуі сайлау күнінің мазмұнын айшықтап, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.


Еске салайық, Алматыда қалалық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Қаладағы 670 сайлау учаскесінде дауыс беруді ұйымдастыруға сайлау комиссияларының 4 826 мүшесі жұмылдырылған.


Бүгін Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін қоғамдық көлікте жол жүру тегін. Сайлау туралы қосымша ақпаратты 109 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады.


Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.


Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар