«Алоэ өсімдігінен шәрбат, йогурт, крем жасадым»

Қалампыр Жалғасбайқызы – жас зерттеуші, биолог. Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерін ескере отырып, оның сөлінен денсаулықты қалыпты жағдайда ұстайтын шәрбәт, балаларға арналған йогурт дайындаудың әдістерін ұсынған. Алоэ өсімдігінен крем жасаудың жаңа рецептін ойлап тапқан.

0.jpg

Өсімдіктің құрамы және пайдасы

Алоэ жапырағында антрагликозид - алоин бар, 1,66 алоэ-эмодин, 25% алоэзин, натолин, геманатолин, ребарберон, шайырлы қоспа, 20% эфир майы, ферменттер мен микроэлементтер, витаминдер, фитонцидтер кездеседі. Ең құндылығы сол құрамындағы 22 амин қышқылының 20-ы адам организмінде кездеседі. Ал жақында ғалымдар оның құрамынан сирек кездесетін күрделі көмірсу – ацеманнан тапты. Ацеманнан тұмау мен қызылшаны және ісік ауруларын емдеуге қолданылады. Жапырақ сөлі тәбет ашады, ас қорытады. Әр түрлі микробтарға қарсы тұра алады. Химиялық медицинада алоэның шырыны жараны таңуға, әр түрлі тері ауруларына пайдаланады. Өсімдіктердің жаңа сөлі әсіресе қараңғы жерде ұстағаны туберкулезді емдеу үшін қолданады. Халық медицинасында   жаңа жапырақтарды күйікті жазуға, дерматитке қарсы дәрі ретінде қолданылады. Алоэның су тұнбасы тәбетті толықтай ашады. Академик В.П.Филатов алоэның жапырағын түнде яғни 4-8 рет ұстауы ескертеді, себебі осы уақытта алоэ жапырағында негізгі заттар жинақталады. Олар ұлпа жұмысын жақсартады. Бұл заттар биогенді стимуляторлар деп аталады. Осы әдіс көптеген жазылмас аурудың алдын алуға көмектеседі. Тері сыртындағы іріңді жара, күйік, қағынған жараларға өсімдіктің жапырағы мен сөлін қолданады. Көздің де әр түрлі жұқпалы аурулары үшін, демікпеде, асқазан ойық жарасында, асқазан ауруларына қарсы қолданады. Алоэның дәрілік қасиеті осыдан 3000 жыл бұрын белгілі болды. Оны Египетте, кейін Индияда, Италия, Грецияда сыртқы күйіктерге арнап қолданды. Орыс медицинасында жапырақ сөлін жүйке ауруларын, бас ауруы т.б. сырқат үшін, бал мен  борсық майын қосып туберкулезді емдейді.

1.jpg

Алоэ шәрбаты

Алоэ шәрбатын денсаулыққа пайдаланудың қазіргі күннің өзінде бірнеше әдістері бар. Менің ұсынып отырған шәрбатым имунитеті төмен, әлсіз әрі тез шаршағыш адамдарға арналған. Зерттеу жүргізу барысында мен ұсынған препаратты қолданған адамның 3-4 күннен кейін әлдеқайда белсенділігі артып, өзін жеңіл сезіне бастауы үлкен жетістік болып отыр. Ал екі айдан кейін ол адамның қан қысымы қалыпты жағдайға түсе бастағанда шын мәнінде бұл шәрбаттың формоцевтикада үлкен орын алатынын түсіндім. Қазіргі таңда осы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.Емдік қоспаның толыққанды нұсқасын дайындап болғаннан кейін рұқсат алып, қолданысқа енгізетін ойым бар.

Косметикалық өнім

Адам ағзасындағы судың көлемі шамамен 80%. Сондықтан, бет терісінің үнемі ылғалдандыруды қажет етуі заңды құбылыс. Ылғалдың жетіспеуі терінің ерте қартаюына, әжімнің пайда болуына және бет терісінің қабыршықтануына әкеледі. Бүгінгі күні бет терісін ылғалдандырудың сан түрлі жолдары бар. Желе тәрізді алоэ шырыны медицинада, косметологияда кеңінен қолданылады. Алайда оның қабығын пайдаланбаған дұрыс. Әлемге танымал Клеопатра ханшайымның өзі алоэдан жасалған кремді жаққан екен. Дәрігер Диоксид: «Алоэ жараларды емдеп, ұйқыны тыныштандырады», - деп жазады. Алоэның жеміс еті сияқты бөлімін жарып, қабынған  жерге жапсырғанда ісікті қайтарып, іріңдетеді. Жай ұсақ безеулерді алоэмен жеңіл уқаласа немесе бетке жапсырса жазылып кетеді. Өсімдіктің қасиеттерін ескере отырып, шәрбатынан касметикалық крем жасауды жөн көрдім. Ол қабынған теріге жақсы әсерін тигізіп, дақтарды кетіруге көмектеседі. Басқа кремдерден айырмашлығы құрамында алоэ өсімдігінің көп болуы. Оған қоса, таза табиғи өсімдіктен жасалуында болып отыр.

2.JPG

Алоэ йогурты

Алоэ – асқазан жарасы мен гастритті емдеуде үлкен орын алатын дәрілік өсімдік. Осыны ескере отырып, таза өнімнен дайындалатын алоэ йогурты өте қажетті деп есептеймін. Осы уақытқа дейін жасалған өнімдерде ГМО-ның болуы өсімдіктің мүмкіндіктерін шектеді. Оған қоса, әзірленіп жатқан йогурттардың құрамында таза өнім бар ма, жоқ па ешкім дәлелдеген жоқ. Мен ұсынған йогуртты үй жағдайында да жасауға болады. Яғни табиғи заттырды қосу арқылы иммунитетті жақсартатын, ағзаға пайдалы әсіресе балаларға жақсы әсер ететін йогурт жасап шығару ойда бар. Бұл ұсынысым қазіргі таңда көптеген тексерулерден өтіп жатыр. Тұтынушыға пайдалы болып, нарыққа шығу үшін барлық талаптарға сай болғаны жөн.

4.jpg

Өсімдікті жинау мен өсіру

Жас өсімдікті жыл сайын отырғызады, ересектері әр 2-3 жылда жақсы топыраққа отырғызылады. Алоэының көбінесе шілде мен тамызда немесе көктемде  көбейтеді. Олардың көбею мүшелері 10-12см болуы керек, сонымен қоса 1 тәулік ауада ұстаған жылы топыраққа 1см тереңдікте, бөліктер арасын 3-5см-дей етіп отырғызады. Тамыры пайда болғанда отырғызуға болады. Алоэның тұқымы мен де өсіруге болады. Тұқымын ақпан, наурыз айларында себеді. Температурасы 25◦С –тан төмен болмауы тиіс. Сонымен қатар, алоэ қыс мезгілінде 25 градусқа, ал жаз мезгілінде 40 градусқа дейін төзімді келеді. Демек, біз алдағы уақытта өнімдерді жасап шығаратын болсақ, алоэны өсіріп жинау жағы өте тиімді болмақ. 

3.JPG

Мақсатым

Қолжетімді баға болатын алоэ өсімдігінен денсаулыққа пайдалыөнімдерді Қазақстанда шығару, шет елдік дәрілердің орнын отандық өнімдердің алмастыруы менің алдыға қойып отырған мақсатым.

Дана РУСЛАНҚЫЗЫ

Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар