Магний диборидін алудың жаңа жолы

Аманбол Әліпбаев – ғалым, Алматы Технологиялық Университетінің PhD докторы, аға оқытушы. Өзінің ғылыми ізденісі мен зерттеулерінің нәтижесінде жас та болса жаңалықтар ашып, еліміздегі химия және химиялық технологиялардың дамуына үлес қосып жүр. Аманболдың ерекше жобаларының бірі – Магний диборидін ОЖС әдісімен алу жолы. Синтездеудің ерекше жолы туралы ғалымнан сұрап-білдік.

3.JPG

- Сіз ұсынып отырған әдіс қалай жүзеге асады? Қандай ерекшеліктерді ескердіңіз?

- Магний мен амфорлы бордан диборид магниді синтездеу жолы және жоғарғықысымды реакторда аргонның әртүрлі жағдайында қатты фазалы жүйеде магнитермиялық оксидтің қалпына келетініне көзімізді жеткіздік. Магний дибориді реактивті қозғалтқыштарда бордың жануына әсер ететін маңызды қосылыс. Осы қосылыстың қызметі мен артықшылықтарын ескере отырып, магний диборидін ОЖС әдісімен алу жолын ұсынып отырмын.

2.JPG

- Синтездеудің тағы қандай жолдары бар?

- Магний диборидінің аса өткізгіштік қасиетін 2001 жылы Жапон ғалымы ашқан болатын. Қазіргі таңда аталмыш материалды синтездеудің көптеген жолдары қарастырылған. Мәселен, жарылыс жасау арқылы, қысымның көмегімен т.б. Метал бориді металдық емес борид қосылыстары сияқты техникалық тастар жасау өндірісіне қатысады. Магний – өте белсенді, төмен деңгейде қайнайтын өнім. Сондықтан зерттеулер мен тәжірибелерді арнайы орындарда өткізіп, жаңа синтездеу әдісін ойлап таптық.

- Қосылыстарға тоқтала кетсеңіз. Әрекеттесу барысында қандай процестер жүзеге асады?

- Екі қосылысты қарапайым түрде алатын болсақ олар жарылысқа ұшырайды. Содықтан, зерттеу барысында жоғарғы реакторлы қысымды қолданғанды жөн санадым. Басқа қоспаны қолдансаңыз өткізгіштік қасиеттін жоғалтып алуы әбден мүмкін. Бұл әдістің артықшылығы – құрылымы күрделі қондырғы қажет етпейтінінде. Осы тұста, қарапайым реактордың көмегімен көп нәрсе жасауға болатынын ескерген жөн.

5.JPG

- ОЖС-әдісі магнийді синтезеуде қаншалықты пайдалы?

- ОЖС әдісі деген – жоғарғы температуралы синтез арқылы алынатын, өнімдері өте төзімді, сапалы болып келетін синтездеу. Магний көп процестерде қолданылатындықтан осы әдіс арқылы синтездеу тиімді болып отыр. Магний өзі 900 градуста жанып кетеді және бор оксидімен бірігіп тұз түзеді. Ал синтездеудің мен ұсынған жолын қолдансақ, жоғарыда айтылған қосылыстан магний диборидін алу мүмкіндігі жоғары болмақ. 

- Зерттеу барысында қандай қиындықтар болды? Болашаққа қандай жоспарларыңыз бар?

- Тәжірибе жасау барысында көптеген қиындықтар болды. Қосылыс әртүрлі өнім беріп, жоспарымыз жүзеге аспады. Дегенмен, жанымызды салып жұмыс істегеніміздің арқасында, 70-80% таза өнімге қол жеткіздік.

Болашақта жобаны дамыту үшін криосистема деген құрылғы қажет. Ол температураны -300 градус қалпында ұстап тұрады. Біздің жағдайда осы процес өте маңызды болып саналады.

4.JPG

- Синтездеу барысында қандай қорытындыға келдіңіз?

- Жобамыз магний диборидін ОЖС жолымен алуға бағытталғаны белгілі. Біз ұсынған тәсілде қоспа еритін температураға жеткенше қыздырылып, қайтадан қатты күйге келтіріледі. Жобамыз ренгенді фазада дұрыстығы дәлелденіп, анализ жүргізілді. Болашақта магний диборидін алу арқылы көптеген өндіріс түрлерін жүзеге асыруға толыққанды мүмкіндігіміз бар.

Дана РУСЛАНҚЫЗЫ

Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар