Алматы қаласының Алмалы аудандық сотындаСанжар Боқаевқа қатысты іс бойынша сот процесібарысында айыпталушының тапсырысы жәнеқаражаты есебінен жеке сараптама жүргізгенмаманнан жауап алынды. Мемлекеттік айыптаутарапының сұрақтарына жауап берген сарапшыкөрінеу жалған ақпарат таратуға қатысты айыптауұстанымының өзегі саналатын бірқатар маңыздымән-жайды іс жүзінде растады.

(Сурет: gov.kz сайтынан алынды)
274-бап бойынша Боқаевқа тағылып отырған айып блогердің Алматы қаласындағы бюджет қаражатының жұмсалуын сынаған бірнешебейнеролигін қамтиды. Тергеу нұсқасы бойынша, бұл жарияланымдарда орындалған жұмыстардыңнақты көлемі мен сметалық шығындар әдейібұрмаланып көрсетіліп, соның салдарынанаудитория арасында жасанды наразылықтуындаған. Соттағы жауап алу барысында екінақты эпизод талқыланды.
Бірінші эпизод Алматы қаласындағы жерастыөткелдерін жөндеуге арналған бюджеттікбағдарламаға қатысты болды. Өз бейнеролигіндеБоқаев бірден бірнеше нысанға бөлінген жалпықаражат көлемін небәрі екі жерасты өткелінжөндеуге жұмсалған шығын ретінде көрсеткен. Прокурордың сұрақтарына жауап берген жекесарапшы мұндай фактілерді алмастырып көрсетукөрермендерде бюджет шығындарының нақтыкөлемі туралы бұрмаланған түсінікқалыптастыруы мүмкін екенін айтты. Бұған дейін, яғни 11 қарашада өткен сот отырысында осы эпизод бойынша Боқаевтың мәлімдемелерінкуәгер Бибек Жүнісов тиісті құжаттармен теріскешығарған болатын.
2025 жылғы қарашада «Атакент» көрмеорталығының аумағын кешенді абаттандыружобасына бюджеттен шамамен 10,3 млрд теңгеқарастырылған. Алайда Боқаев өзжарияланымдарында жекеменшік аумақтағыжарықтандыру жүйесін ауыстыруға ғана негізсізтүрде 10 млрд теңге бөлінгенін көрсетіп, жоспарланған абаттандыру жұмыстарының толықкөлемі туралы айтпаған. Сотта сарапшы мұндайақпарат беру тәсілі аудиторияда мемлекеттікқаражаттың мақсатсыз жұмсалғаны туралы түсінікқалыптастырғанын растады.
Осылайша бейнематериалдардың мазмұны мен мағынасына қатысты қорғау тарапы тартқанмаманның қорытындылары ақпараттың қоғамдыжаңылыстырып, мемлекеттік органдардыңжұмысына теріс көзқарас қалыптастыруғабағытталған пікірді бұрмалау тәсілімен ұсынылғаны туралы айыптау нұсқасымен сәйкескелді. Сонымен бірге кезекті отырыста көрінеужалған екенін біле тұра фейк мәліметтердіңтаратылғанына, сондай-ақ мұндай әрекеттің астарында қасақана ниет болған-болмағанынанықтау тек соттың құзыретіне жататынынаерекше мән берілді.
Қорғау тарапы тартқан тағы бір маманнан – Боқаевпен үлестес компаниялардың мәмілелерінтексерген аудитордан жауап алу кезінде судья адвокаттарға сот процесін созбалаңға салмаужөнінде бірнеше рет ескерту жасады. Судья Жанат Әбенова сот отырыстары басталғанғадейін қорғаушыларға өз клиенттерімен жүздесуге бірнеше рет уақыт бөлгеніне қарамастан, адвокаттар бұл мүмкіндікті пайдаланбай, оныңорнына баспасөз өкілдерімен жұмыс істеп, сот залында бір сұрақты әртүрлі нұсқада қайталайберуді жөн көрген.
Нақты бухгалтерлік құжаттарды талдаудыңорнына адвокаттар мен аудитор кәсіпкерлік пен бухгалтерлік есептің жалпы қағидаларынталқылап, биодәретханалар, мейрамханалар, қонақүйлер, концерттер мен тамақтануқызметтеріне қатысты шартты тұрмыстықмысалдар келтірді. Қорғау тарапы осындайболжамды мысалдарды келтіре отырып, үнемдеудің немесе қызмет түрін ауыстырудыңарқасында артық пайдаға қол жеткізілгенін негіздеуге тырысты. Сондай-ақ, олар тапсырысберушінің кейін еш шағым түсірмей, жұмысактілеріне қол қоюы кез келген ауытқуларғақатысты күмәнді сейілтетінін дәлелдеумен болды.
Алайда соңында аудитордың өзі қажеттіқұжаттардың, соның ішінде тапсырыс берушітараптың құжаттарының болмауына байланыстытапсырманы орындау және нақты сомалардыанықтау мүмкін болмағанын мойындады. Олқызметтердің нақты өзіндік құнын, пайдамөлшерін анықтай алмады және олардың шынмәнінде көрсетілгенін растай алмады. Соныменбірге ол бекітілген сметадан шамамен 50 пайызғаауытқуға жол беруге бола ма деген сұраққа нақтыжауап бере алмады. Бұдан бөлек, тергеуанықтаған болжамды жымқыру сомасына күмәнкелтіретін балама есептеулер де ұсынылмады.
Mezgil.kz