«Жастар Үні» РҚБ халықтың саяси мәдениетін арттыру жобасын сәтті аяқтады

«Жастар Үні» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен жүзеге асырылған «Халықтың саяси мәдениетін арттыруға бағытталған тақырыптық іс-шаралар өткізу» әлеуметтік жобасын толығымен аяқтады. Жоба шеңберінде форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, тренингтер, кездесулер, байқаулар мен фестивальдер сияқты ауқымды іс-шаралар кешені ұйымдастырылды.

1794403748240291.png

(Сурет:Шара ұйымдастырушылардан алынды)


Жоба қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындылайтын шығармашылық есеп, фото-бейне материалдар, 10 минуттық бейнеролик және БАҚ-тағы жарияланымдар жинағы дайындалды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, өткізілген шаралар жүйелі түрде жүргізіліп, Алматы тұрғындарының саяси-құқықтық санасын арттыруға өз үлесін қосты.


Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар