Алматыда саяси сауаттылықты арттыруға арналған идеялар байқауы қорытындыланды

Тұрғындардың саяси сауаттылығын, әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және азаматтарды саяси процестерге тарту мақсатында арнайы жобалар байқауы ұйымдастырылды. Сайыс қорытындысы бойынша ең үздік идеялар мен жоба авторы атанған жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталды. Бұл бастама тұрғындардың қоғамдық-саяси өмірге деген қызығушылығын арттыруда маңызды қадам болды.

1794403453443612.png

(Сурет:Шара ұйымдастырушылардан алынды)


Бұдан бөлек, қаланың 8 ауданында кең көлемді ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді. Жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерін, мәслихат депутаттарының рөлін және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жолдарын түсіндіретін 1000-нан астам А5 форматындағы ақпараттық парақша дайындалып, тұрғындарға таратылды.


Abai.kz


Сәйкес тақырыптар