Заң алдында бәрі тең – қоғам белсендісі «құқық қорғаушыларды» Боқаевтың ісін саясаттандырмауға шақыр

«Қазақстан азаматтары» қоғамдық бірлестігінің президенті Дмитрий Полтаренко Варшавадағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) конференциясы алаңында таза қылмыстық сипаттағы заңға қайшы істерді саясаттандырмауға шақырды.

 1791479850301258.jpeg

(Сурет:https://politico.kz)


Қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты қылмыстық іске байланысты пікір білдірді. Оның айтуынша, тергеу екі эпизодты қамтиды: ақша қаражатын иемденуге байланысты болуы мүмкін алаяқтық және орманды заңсыз кесу.

 

Полтаренко бұл жерде азаматтық белсенділік үшін қудалау емес, қылмыстық сипатта тағылған бірнеше айып туралы сөз болып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұған дейін С.Боқаев қоғамдық қызметпен, соның ішінде экология мәселелерін еш кедергісіз көтеріп те, айналысып та келген және оған бұл жұмысты жүргізуге ешқандай шектеу қойылмаған. Қоғам белсендісі Боқаевтың айтқан сөздері мен нақты әрекеттері бір-біріне мүлде қарама-қайшы келетініне ерекше назар аударды.

 

«Өзі экология мәселесін көтереді, бірақ ағаштарды кеседі. Бір нәрсе үйлеспей тұрған сияқты ма?» – деді Полтаренко.

 

Оның пікірінше, заң алдында бәрі тең, ал қоғамдық қызмет заңнан биік емес және артық құқық бермейді. Осы тұрғыдан алғанда, құқық қорғаушылар таза қылмыстық сипаттағы істерді саяси арнаға бұрмауы тиіс.

 

Еске сала кетейік, Санжар Боқаев ұлттық компанияда жұмыс істеген кезеңінде аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп күдіктеліп отыр. Сонымен қатар оған ағаштарды


Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар