Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғадан кейін мәлімдеме жасады.

(Сурет: Видео скрині)
«Қайғылы жағдайға кінәлі әрбір лауазымды тұлға заңға сәйкес ең қатаң жазаға тартылады», — деді Бозымбаев.
Ол сондай-ақ қаза тапқандардың отбасыларына материалдық және басқа да қажетті көмек көрсетілетінін хабарлады. Премьер-министрдің орынбасары тергеу барысы мен отбасыларға қолдау көрсету мәселесін жеке бақылауында ұстауға сөз берді.
Mezgil.kz