Бүгінгі қазақ журналистикасының сақа мамандарының бірі, бүгінгі Қазақстан журналистикасында аты-заты белгілі, қаламы жүйрік, ойы озық ондаған, жүздеген шәкірт дайындаған оқытушы Есенгүл Кәпқызының жаңа кітабы жарық көрді.

(Сурет: Шара ұйымдастырушыларынан алынды)
Есенгүл Кәпқызы – қауымдастырылған профессор, медиа-тренер, журналист, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының жетекшісі.
25 қыркүйек күні сағат 15:00-де ҚР Ұлттық кітапханасында Есенгүл Кәпқызының «Медиа мәтінді талдау әдістері» атты кітабының тұсаукесері өтеді. Бұл кітап еліміздің ЖОО-ларында болашақ әріптестерді даярлауда ғана емес, бүгінде журналистикада майданында жүрген қыз-жігіттер үшін өте құнды кітаптардың бірі екеніне сенімдіміз!
Келейік, қолдайық!
Mezgil.kz