Жаркент жоғары педагогикалық колледжінде білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және болашақ мамандығын саналы таңдауға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

Колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Курабалдиева Клара Бавашевна «Үздік педагог» байқауына қатысуы аясында «Оқу мектебі» жобасы бойынша кәсіби бағдар беру бағытындағы дебат қозғалысын дамытуға атсалысты. Дебат арқылы студенттердің өз ойын еркін жеткізуіне, дәлелді пікір қалыптастыруына, пікірталас мәдениетін меңгеруіне және шешендік қабілеттерін жетілдіруіне мүмкіндік берілді.
Жобаны жүзеге асыру барысында білім алушылардың белсенділігіне, шығармашылық ізденісіне және қоғамдық іс-шараларға қатысуына ерекше мән берілді. Дебат қозғалысы жастардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастырып, өз көзқарасын сауатты қорғауға және түрлі мәселелерді талқылау барысында сыни тұрғыдан ойлауға ықпал етті.
Дебат қозғалысын ұйымдастыру ісіне директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Оспанова Толғанай Сериковна тікелей басшылық жасап, іс-шараның барлық кезеңінде ұйымдастырушылық жұмыстарды жүзеге асырды. Сонымен қатар, аталған жұмыстарды әдістемелік сүйемелдеу ісіне колледж әдіскері Алдибекова Назым Сериковна да өз үлесін қосты.
Жоба аясындағы іс-шаралар туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және Web (веб) сайттарда жариялау арқылы колледждегі кәсіби бағдар беру жұмыстары мен дебат қозғалысының нәтижелері кеңінен насихатталды.
«Оқу мектебі» жобасы білім алушылардың тұлғалық және кәсіби дамуына бағытталған тиімді бастамалардың бірі ретінде өз маңыздылығын көрсетті. Дебат қозғалысы арқылы студенттердің білімге деген қызығушылығы артып, өз ойын дәлелді жеткізу, пікір алмасу және қоғамдық белсенділік дағдылары қалыптасты.
Mezgil.kz