Алғашқы Құрылтай сайлау ашықтық пен әділдік қағидаттарына сай өтті – Дания Еспаева

Құрметті достар!

 1787547858665748.jpeg

(Сурет: «Ақ жол» демократиялық партиясынан.)


Құрылтайдың алғашқы сайлауы мәресіне жетіп, қорытындысы жарияланды. Қазақстан халқы өз таңдауын жасады. Ал, «Ақ жол» демократиялық партиясы үшін еліміздің Жоғары заң шығарушы органының құрамына сайлану – үлкен мәртебе.

 

Бізге сенім білдірген сайлаушыларымызға шынайы алғысымды білдіремін. «Ақ жол» демпартиясының Құрылтай депутаттары бұл сенімді адал әрі табанды еңбегімен ақтайды.

 

Сондай-ақ, партиямыздың барша үзеңгілестерді өткен сайлауның лайықты нәтижелермен құттықтай отырып, Саяси кеңес мүшелеріне, Құрылтайға кандидаттарға, филиалдардың басшылары мен белсенділеріне, волонтерлерге, сенімді өкілдер мен байқаушыларға, сонымен қатар, ең алдымен, партия төрағасы Дания Еспаеваға – сайлау науқанын табысты өткізуге қосқан үлестері, мыңдаған сайлаушымен өткізген жүздеген кездесулері, жарқын теледебаттары және ауқымды түсіндіру жұмыстары үшін зор ризашылығымды білдіремін.

 

«Ақ жол» демократиялық партиясы қоғамға нақты бағдарламасы мен нарықтық экономиканы дамыту, кәсіпкерлік пен отандық өндірушілерді қорғау, заңдылықты, әлеуметтік әділеттілікті және ұлттық мүдделерді нығайту жөніндегі айқын ұсыныстарын таныстырды.

 

Қазақстан Республикасы өзінің дамуындағы жаңа тарихи дәуірге – қуатты мемлекет, әділетті қоғам және дамыған экономика қалыптастыру дәуіріне қадам басып отыр.

 

Бұл жаңа дәуірде «Ақ жол» демократиялық партиясы да өзіне жүктелген маңызды міндеттерді атқаруға тиіс.

 

Өзгерістер қажет!

 

Mezgil.kz

 



Сәйкес тақырыптар