Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлаукомиссияларының мүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқыту бағытында жүргізген жұмысы туралыбаяндалды.

(Сурет: abai.kz сайтынан алынды.)
ОСК хатшысы Шавхат Өтемісовтің айтуынша, Құрылтайдепутаттарын сайлауға дайындық аясында Орталық сайлаукомиссиясы сайлау процесіне қатысушыларды каскадтық оқытудыңкөп деңгейлі жүйесін қалыптастырған.
«Аймақтық және учаскелік сайлау комиссияларының 71 мыңнан астам мүшесінің қатысуымен 7 мыңнан астам оқытусеминары өткізілді. Бағдарлама теориялық және практикалықдайындықты, оның ішінде дауыс беру күні орын алуы мүмкіннақты жағдайларды талдауды қамтыды. Алынған білімді жәнекомиссиялардың дайындығын бағалау ОСК мүшелерініңөңірлерге жұмыс сапарлары барысында жүргізілді» - дедіОрталық сайлау комиссиясының хатшысы.
Оқыту «Тренер тренерді оқытады» қағидаты бойынша офлайн және онлайн форматтарда жүргізілді. Өңірлер үшін оқу-әдістемеліккешен мен анимациялық оқыту фильмі әзірленіп, жолданды. Аталғанматериалдар оқу процесінде пайдаланылуда.
Сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқыту маңыздыбағыттардың бірі болды. Бұл оқытуға 23 мыңнан астам адамқамтылды. Олардың қатарында саяси партиялардың, аккредиттелгенқоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.
Mezgil.kz