Жайдақбұлақта заманауи медициналық нысан пайдалануға берілді

Кеген ауданындағы Жайдақбұлақ ауылында заманауи медициналық пункт іске қосылып, тұрғындарға алғашқы көмек қолжетімді болды.

 1787243145246760.jpeg

(Суреттер: gov.kz сайтынан алынды.)


Кеген ауданының Жайдақбұлақ ауылында тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмекті қолжетімді ету мақсатында жаңа медициналық пункт ашылды.

 

Медициналық нысанның ашылу салтанаты 2026 жылғы 19 тамызда өтті. Салтанатты шараға Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, басқарма, мекеме және ұйым басшылары, ауданның ақсақалдары мен ардагерлері, аналар кеңесінің өкілдері, жастар, еріктілер және ауыл тұрғындары қатысты.

Жаңа медициналық пункттің ашылуы – Мемлекет басшысының халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдық жерлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру бағытындағы жұмыстардың нақты нәтижесі.

Заманауи талаптарға сай салынған медициналық пункт ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсетуге, профилактикалық тексерулер жүргізуге, аурулардың алдын алуға, ана мен бала денсаулығын қорғауға және қажетті жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін медициналық қызмет алу үшін алыс қашықтыққа қатынауға мәжбүр болған тұрғындар үшін жаңа нысанның іске қосылуы маңызды әлеуметтік қолдау болып отыр. Енді ауыл халқы қажетті медициналық көмекті өз елді мекенінде алуға мүмкіндік алды.

Ашылу салтанатында аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев ауыл тұрғындарын жаңа нысанның пайдалануға берілуімен құттықтап, денсаулық сақтау саласын дамыту мен халыққа сапалы қызмет көрсетудің маңыздылығына тоқталды.

Шара барысында жаңа медициналық пункттің лентасы қиылып, ақжолтай тілектер айтылды. Салтанатты жиын аудандық көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Жаңа медициналық пункттің ашылуы – Жайдақбұлақ ауылының әлеуметтік инфрақұрылымын нығайтып қана қоймай, тұрғындардың денсаулығын сақтауға және медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға жасалған маңызды қадам.


Mezgil.kz

 



Сәйкес тақырыптар