Абай күніне арналған «Абай Әлемі» музыкалық-поэтикалық мерекелік кеші

Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада «Абай Әлемі» атты мерекелік кеш өтеді. Кеш барысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген «Алғашқы кітап» атты деректі докудрамасының алғашқы көрсетілімі болады.

 1786108213717270.jpg

(Сурет:https://bilim-portal.kz/)


Деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға - 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын баян етеді.

 

 Премьера соңы Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы ұйымдастырған Абай мұрасын насихаттаған концерттік бағдарламаға ұласады.

 

Талғат Күзембаев, Лидия Кәденова, Ерлан Біләл, Дархан Сүлейменов, Асан Мәжит, Динара Кемелхан, Ерден Жақсыбек, «Алашұлы» тобы мен Хор капелласының қатысуымен музыкалық-поэтикалық қойылым болады.

 

Кеш ары қарай Абай күніне арналған, ұлы ақын-ағартушының әндері шырқалып, сөздері оқылатын «Almaty summer fest» фестиваліне жалғасады. Фестивальге Мақпал Жүнісова, Жанар Дұғалова, Асхат Тарғын, Нұрлан Бердібаев, Серік Исахан, Ayarai, Birzhan Demeuuly, Nurtore, Magsoul, «Kesh you», «6ellucci», «IL Canto», т.б. қатысады.

 

Мерекелік кеш соңында мыңдаған астам адам ашық аспан астында Абай әндерін бірге шырқайды.

 

 Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар