Ұлттық спорт пен мәдениетті дамытуға бағытталған «Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясының президенті, күшмәдениетін зерттеуші Абылайхан Қалназаров «Әр ауыл – бір балуан тас» атты жалпыхалықтық Үндеу жариялады.

Үндеудің негізгі мақсаты – Қазақстан аумағындағы тарихи балуан тастардыіздеу, ғылыми тұрғыдан тіркеу, сақтау және кеңінен насихаттау арқылыұлттық материалдық мұраны келер ұрпаққа жеткізу.
Автордың айтуынша, балуан тастар – қазақ халқының дәстүрлі күшмәдениетінің бірегей жәдігерлері. Олар ғасырлар бойы ел ішінде батырлармен алыптардың күш сынасуына пайдаланылып қана қоймай, тарихижадының, ерлік дәстүрінің және ұлттық рухтың материалдық айғағы ретіндесақталып келген.
Үндеуде соңғы жылдары көптеген балуан тастардың құрылыс жұмыстары, жол салу және немқұрайдылық салдарынан жойылып немесе жоғалып бара жатқаны айтылып, оларды сақтап қалу бүкіл қоғамның ортақ міндеті екеніатап өтіледі.
«Алып та жыққан, шалып та жыққан» атам қазақтың бүгінге жеткен материалдық-жәдігерлік мұрасы, өзі – онсыз да аз. Ең болмаса солардың ішінде күш иелерінің көзі – балуан тастарды сақтап қалайық», – делінген Үндеуде.
Құжат аясында бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Қазақкүшінің картасы» жобасы да таныстырылған. Жобаның мұраты – Қазақстандағы және тарихи қазақ қоныстанған өңірлердегі балуан тастардыанықтап, оларды бірыңғай ғылыми дерекқор мен картаға енгізу.
Сонымен қатар Үндеуге балуан тастарды іздеу, тіркеу, сақтау жәненасихаттау бойынша арнайы әдістемелік нұсқаулық қоса берілген. Ондабалуан тастарды анықтау, тарихи мәліметтерді жинау, тұғыр-постамент орнату, ақпараттық тақтайша әзірлеу, туристік бағыттарға енгізу жәнежоғалған мұраларды көшірме арқылы қайта жаңғырту тәртібі ұсынылған.
Үндеу соңында қазақстандықтар туған өлкесіндегі балуан тастар туралымәліметтерді жинап, олардың сақталуына үлес қосуға шақырылады.
Mezgil.kz