Мемлекет басшысының Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын табиғиаумақ мәртебесін беру туралы тапсырмасын орындау аясында Ақмолаоблысында су айдынын «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркініңқұрамына қосу бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

(Сурет: Ақмола облысы әкімдігінен алынды.)
Қазіргі уақытта көл аумағында табиғатты қорғау шараларының кешеніжүзеге асырылып келеді. Көлге іргелес аумақта қоршаулар мен ақпараттықтақталар орнатылды. Алдағы уақытта көл аумағында қонақтар үшін арнайыавтотұрақ пен шолу алаңдары пайда болады. Бұл қоршаған ортаға зиянкелтірмей оны тамашалауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, көлге қатысты бірқатар шектеу қойылып отыр: автокөлікпен кіруге, жағалау аумағына баруға, шомылуға, тұз бен емдікбалшық жинауға толықтай тыйым салынады. Ұлттық парктің мемлекеттікинспекторлары мен полиция қызметкерлері аумақты тәулік бойы күзетіпжатыр.
Бұл шаралар соңғы жылдары айтарлықтай антропогендік зардап шеккенкөлді сақтауға бағытталған. Ақмола облысының әкімдігі азаматтарды бірегейэкожүйені болашақ ұрпақ үшін сақтау мақсатында белгіленген талаптардықатаң сақтауға шақырады.
Астанадан шамамен 160 шақырым жерде орналасқан Көбейтұз көліөзінің ерекше қызғылт реңімен танымал. Осындай бірегей табиғи ерекшелікмыңдаған туристің қызығушылығын тудырып, көлге келетін адам саны жылсайын артып келеді.
Mezgil.kz