Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға қатысатын тағы 10 халықаралық байқаушыны аккредиттеді. Бұл туралы ОСК отырысында Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман хабарлады.

(Сурет: baq.kz сайтынан алынды.)
«2026 жылғы 23 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Орталық сайлау комиссиясына аккредиттеу үшін 5 шет мемлекет пен 1 халықаралық ұйымнан 10 халықаралық байқаушының кандидатурасын ұсынды. Атап айтқанда, Молдова Республикасынан - 4 кандидатура, оның ішінде осы елдің Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, Халықаралық парламентарийлер конгресінен (IPC) - 1 кандидатура, Албания Республикасынан – 2 кандидатура, Кувейт Мемлекетінен - 1 кандидатура, оның ішінде осы мемлекеттің Қазақстандағы Елшісі, сондай-ақ Армения Республикасы мен Палестина Мемлекетінен бір-бір кандидатура ұсынылды», - деп хабарлады Мұхтар Ерман.
Бүгінгі таңда Орталық сайлау комиссиясы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан келген 96 халықаралық байқаушыныаккредиттеді.
Mezgil.kz