ОСК Құрылтай депутаттарының сайлауын халықаралық байқауды жүзеге асыру тәртібін бекітті

Құрылтай депутаттарының сайлауын өткізу кезеңінде халықаралық байқаушылардың қызметіне қажетті құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасау мақсатында Орталық сайлау комиссиясы «2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды өткізу кезеңіндегі шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қызметінің кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады.


big_68bd7ef17d17695f.jpg

 (Сурет sknews.kz сайтынан алынды)


Құжатта шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға шақырулар жіберу, халықаралық байқаушыларды аккредиттеу және оларға белгіленген үлгідегі куәліктерді беру тәртібі айқындалған.

 

Сондай-ақ қаулыда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің аккредиттеуінен өткен жағдайда шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің байқауды жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген.

 

«Осы қаулының қабылдануы Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының сайлауына халықаралық байқаушылардың қатысуы үшін қажетті құқықтық жағдайларды қамтамасыз етеді және олардың қызметін заңнамаға сәйкес жүзеге асыру тәртібін айқындайды», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман.

 

Қаулының қабылдануы Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының сайлауында халықаралық байқау институтының жұмысын бастауға мүмкіндік береді.


Mezgil.kz



Сәйкес тақырыптар