ҚХП фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамовтың Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға шетелдік көздерден қаржыландырылатын шетелдік агенттерді реттеу шаралары туралы депутаттық сауалы жолдады. Біз аталған депуттаттық сауалдың толық нұсқасын оқырман талқысына ұсынамыз.

(Сурет: tengrinews.kz)
Бұған Мемлекеттік кірістер комитетінің шетелдік көздерденқаржыландыру алатын жеке және заңды тұлғалардың жаңартылған тізілімін жариялауы себеп болды. Онда алғашрет қаржы алушылар ғана емес, бөлінген қаражат көлемімен оның қайдан түскені туралы мәліметтер де көрсетілген.
Депутаттың айтуынша, 2025 жылдың екіншіжартыжылдығында ғана Қазақстанға шетелдік көздерден 12 млрд теңгеден астам қаржы түскен.
– Аталған қаражаттың едәуір бөлігі өздерін құқық қорғау, медиа және сараптамалық ұйымдар ретіндетаныстыратын, қоғамдық-саяси күн тәртібінқалыптастыруға қатысатын құрылымдарға бағытталған, – деді Магеррамов.
Сонымен қатар депутат қолданыстағы тізілім шетелдікқаржыландыру туралы тек жалпы мәлімет беретінін айтты.
– Тізілімде тек қаржы көлемі мен бастапқы алушылар ғанакөрсетілген. Алайда нақты қандай жобаларқаржыландырылғаны, қаржының қандай мақсатқабөлінгені, қаражаттың қалай бөлінгені және түпкіліктіорындаушылар туралы ақпарат жоқ. Соның салдарынанқоғам мен мемлекеттік институттар бұл қаражаттыңқалай пайдаланылып жатқанын және шетелдікқаржыландыру есебінен қандай жобалар жүзеге асырылыпжатқанын толық бағалай алмай отыр, – делінгендепутаттық сауалда.
Депутаттар не ұсынады?
Депутаттар жарияланатын мәліметтерді кеңейтуді ұсынады. Атап айтқанда, шетелдік қаражат есебінен іске асырылатын жобалар туралы ақпаратқа нақты жобалар мен бағдарламалар, қаржыландырудың мақсаты мен бағыты, жобаларды жүзеге асыратын ұйымдар мен орындаушылар, бастамаларды іске асыруға қатысатын тұлғалар және жобалардың нәтижелері туралы мәліметтер енгізілуі тиіс.
Депутаттардың пікірінше, бұл қоғамға шетелдікгранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын жәнеолардың қандай нәтиже беріп отырғанын жақсырақ түсінугемүмкіндік береді.
– Біз үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне тыйымсалуды ұсынып отырған жоқпыз. Мәселе – ашықтықтыарттырып, қоғамның хабардарлығын күшейту, – деді Магеррамов.
Ашықтық пен қоғамдық бақылау мәселесі
Депутаттық сауалда шетелдік қаржыландыру тақырыбыбүгінде қоғамның ерекше қызығушылығын тудырыпотырғаны айтылған. Өйткені ол медиа, сараптамалық талдау және азаматтық бастамалар саласында жұмыс істейтінұйымдардың қызметіне қатысты.
– Қазіргі сын-қатерлер жағдайында ашықтық қоғамныңсенімін нығайту және ұлттық мүддені қорғау үшінмаңызды мәнге ие, – деп атап өтті депутат.
Осыған байланысты парламентарийлер Үкіметке шетелдікқаржыландыруды есепке алудың қолданыстағы жүйесінжетілдіру мүмкіндігін қарастырып, есептілікті кеңейтудіңықтимал тетіктері туралы ақпарат беруді ұсынды.
Mezgil.kz