Сот: А. Қасеновтің бұлтартпау шарасының мерзімі аяқталған жоқ

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотының өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша А. Касеновтың бұлтартпау шарасының мерзімі аяқталды деген мазмұндағы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде таратқан мәлімдемелеріне байланысты төмендегіні хабарлаймыз.

1781502296994440.jpeg

(Сурет: gov.kz)

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 319-бабына сәйкес қылмыстық іс сотқа келіп түскен кезде судья бір мезгілде бұлтартпау шарасы мәселесін қарайды. Аталған іс бойынша сот ағымдағы жылдың 5 маусым күні бұрын таңдалған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдыру туралы процестік шешім қабылдады.

Осыған байланысты бұлтартпау шарасының мерзімі аяқталды деген мәлімдемелер сот актісінің мазмұнына сәйкес келмейді.

Сонымен қатар, сот қаулысы процеске қатысушылар мен олардың қорғаушылары қол жеткізе алатын «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесінде орналастырылатынын атап өткен жөн.

Тиісінше, адвокаттар мен процеске қатысушы өзге де тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен сот актісі шығарылғаннан кейін онымен тікелей танысуға құқылы.

Қосымша хабарлаймыз, жүктелген шектеулер мен міндеттер бұзылған жағдайда сот заңнамада көзделген тәртіппен бұлтартпау шарасын өзгертуге, оның ішінде неғұрлым қатаң бұлтартпау шарасын қолдануға құқылы.


Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар