Германия соты Facebook желісінде федералдық канцлер Фридрих Мерцтің атынақорлайтын пікір жазған екі қолданушыға салынған айыппұлды заңды деп таныды.

(Сурет: welt.de)
Олардың бірі саясаткерді «Lügenfritz», яғни «өтірікші Фриц» деп атаған. Эрингенқаласының соты оған 30 күндік мөлшерлеме көлемінде
айыппұл салды. Бұл шамамен бірайлық табысқа тең және 2 мың еуродан асуы мүмкін. Сот шешімі заңды күшіне енді.
Тағы бір қолданушы «Ftzn Frieder» деген дөрекі лақап ат қолданғаны үшін осындайайыппұл алды.
Жалпы Хайльбронн прокуратурасы 39 пікірді қараған. Оның 15-і бойынша іс тоқтатылды, қалғандары басқа ведомстволарға жолданған немесе әлі қаралып жатыр.
Бұған Мерцтің Хайльброннға сапары кезінде ұшуға тыйым салынғаны туралы полицияныңFacebook-тегі жазбасы себеп болған. Пікір қалдырғандар Германия Қылмыстық кодексінің188-параграфы бойынша жауапқа тартылды. Бұл бап саясаткерлерге қатысты қорлау менжала жабу үшін жауапкершілікті көздейді.
Mezgil.kz