Алматы облысы мамырдағы мерекелерге арналған іс-шаралар кестесін жариялады

Алматы облысы мамыр айын ұзақ демалыспен және мазмұнды бағдарламамен қарсы алады: қалалық мерекелер мен фестивальдерден бастап, ұлттық спорт түрлері, интеллектуалды турнирлер мен ірі халықаралық жарыстарға дейін. 

1777531420497928.jpeg

(Сурет: Алматы облысы әкімдігінен алынды)

1–9 мамыр аралығындағы басты оқиғаларды жинақтадық — демалыс форматын көңіл-күйіңізге қарай таңдаңыз.
Қонаев: велошеру, фестиваль және баскетбол
Облыс орталығындағы мерекелік шаралар 1 мамыр күні таңертең басталады. Тұрғындар мен қонақтарды белсенді және отбасылық форматтар күтеді.
1 мамыр, 09:00 — велошеру (Орталық саябақ).
1 мамыр, 09:30 — «Бірлік» фестивалі (Орталық алаң).
Командалық спорт түрін ұнататындар үшін облыстық жарыстар өткізіледі:
1–4 мамыр, 10:00–18:00 — жасөспірімдер мен қыздар арасындағы баскетболдан чемпионат (Қонаев қ., Спортты дамыту дирекциясы).
Ал әсерлі халықаралық додаларды тамашалағысы келетіндер Алатауға барса болады:
2–9 мамыр, 08:00–18:00 — стендтік атудан Әлем кубогы (Алатау қ., Асанов атындағы ату клубы). Бағдарламада — апта бойы өтетін жарыс күндері.
Қарасай ауданы (Қаскелең): мерекелік алаң және қазақ күресінен турнир
1 мамыр, 10:00 — Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік бағдарлама (Қаскелең қ., Орталық алаң).
Спорттық блок бірнеше күннен кейін жалғасады:
5–6 мамыр, 09:00 — «Ұстаз Барысы — 2026» қазақ күресі турнирі (Қарасай ауданы, Қаскелең қ., №1 БЖСМ).
Талғар: қазақ күресі және бокс
Бұл күндері Талғар жекпе-жек сүйер қауым үшін басты орындардың біріне айналады.
1–3 мамыр, 09:00–18:00 — жас спортшылар арасында қазақ күресінен республикалық турнир (Талғар қ., №2 БЖСМ).
5–9 мамыр, 09:00 — Есет Нүсіпановты еске алуға арналған бокстан республикалық ашық турнир (Талғар ауданы, Талғар қ., Рысқұлов көшесі, 68а).
Ұйғыр ауданы (Шонжы): тоғызқұмалақтан чемпионат
Сабырлы, бірақ қызықты форматты қалайтындар үшін интеллектуалды ойын ұсынылады:
1–3 мамыр, 09:00–18:00 — балалар мен жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат (Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, БЖСМ).
Қаракемер: көкпар
Ұлттық спорт түрлері — облыстың мамыр айындағы афишасының міндетті бөлігі:
2 мамыр, 12:00 — көкпардан командалық жарыстар (Қаракемер ауылы, көкпар алаңы).
Таңбалы Тас және ASP Club: ультрамарафон және маёвка
Мамыр айын табиғат аясында және қозғалыста өткізуді жоспарлайтындар үшін қала сыртына шығуға екі тамаша себеп бар:
1–3 мамыр, 10:00–18:00 — Tengri Ultra 2026 (Таңбалы Тас).
1–3 мамыр, 12:00 — SHAKEFEST + ASP маёвкасы (ASP Club, Қонаев).
Іле ауданы: ауыр атлетика
2–3 мамыр, 09:00–18:00 — ауыр атлетикадан чемпионат (Іле ауданы, №18 орта мектеп). Қатысушылар жастар, сондай-ақ ерлер мен әйелдер арасында бақ сынайды.
Сондай-ақ «Достық алаңы» футбол турнирі (Өтеген батыр кенті, стадион) жоспарланған, бірақ афишада нақты уақыты көрсетілмеген.

Еңбекшіқазақ ауданы (Есік және Шелек): асық ату және жастар кеші
4–6 мамыр, 09:00–18:00 — балалар арасында асық атудан чемпионат (Есік қ., дене шынықтыру-сауықтыру кешені).
5 мамыр, 18:00 — Patriot Fest гала-кеші (Шелек ауылы, саябақ алаңы): жастарға арналған концерттік бағдарлама.
Сонымен қатар, Есік қаласында концерттік бағдарлама мен этномәдени орталықтардың көрмесі (Жамбыл Жабаев атындағы Жастар саябағы) жоспарланған, бірақ уақыты көрсетілмеген.
Кеген ауданы: таланттар байқауы және шағын футбол
2 мамыр, 13:00 — «Тәңіртау таланттары» облыстық таланттар байқауы (Кеген ауылы, Мәдениет үйі).
4–6 мамыр, 10:00–15:00 — педагогтар арасында шағын футболдан турнир (Кеген ауданы, Ж. Ермегияев атындағы орта мектеп).
Жамбыл ауданы: жастар үшін ашық есік күні
6 мамыр, 10:00 — ErIk жобасы аясындағы Ашық есік күні (Жамбыл ауданы, Б. Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімі). Жастарға арналған іс-шара ретінде жарияланған.
Нарынқол: суреттер байқауы
Нарынқолда «Бірлік пен достық» тақырыбында суреттер байқауы жоспарланған
.

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар