Инвестициялар мен таланттар басымдықта: Қазақстан көші-қон саясатын жетілдіруде

Қазақстанда инвесторлар, кәсіпкерлер жәнесұранысқа ие мамандар үшін елге кірудің жеңілдетілген ережелері қолданылады. Бұлтуралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді.

1776785901627461.jpeg

(Сурет: kaz.inform.kz)

Министрдің айтуынша, Қазақстанның көші-қон саясаты шетел азаматтарының келу мақсаттарына қарай сараланып құрылады, яғни еңбек көші-қоны мен тұрақты тұруға көшу нақты ажыратылады.

Оның сөзінше, мұндай тәсіл білікті мамандар үшін экономиканың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осылайша, елге құнды кадрларды тарту үшін жеңілдетілген кіру тәртібі енгізілген.

«Инвесторлар, сұранысқа ие мамандық иелері – барлығы жұмысқа орналасу үшін жеңілдетілген тәртіппен келеді. Бізде Еңбек министрлігінің бұйрығы бар, онда 51 сұранысқа ие мамандық анықталған. Олардың қатарында, мысалы, жасанды интеллект инженері, нейрохирург дәрігерлер және т.б. бар», – деді Асқарбек Ертаев.

Инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін жекелеген шаралар, арнайы визалықрежимдер және өтінімдерді жедел қарау рәсімдері қарастырылған. Сонымен қатар, ЕАЭО аясында ортақ нарықта еңбек ресурстарының еркін қозғалысынқамтамасыз ететін еркін жұмысқа орналасурежимі әрекет етеді.

Асқарбек Ертаевтың айтуынша, ұлттық еңбек нарығын қорғау үшін жеңілдікті тізімдерге кірмейтін шетелдік жұмысшыларға квоталау тетігі қолданылады.

Сонымен қатар, Қазақстан азаматтығын алуға үміткер шетел азаматтарына белгілі бір талаптар қойылады. Жаңа тәртіп кезең-кезеңімен бағалауды қамтиды: мемлекеттіктілді базалық деңгейде білуін тексеру, сауалнама деректерін талдау, цифрлық скоринг, ведомство аралық тексерулер және қорытынды сұхбат.

Министр атап өткендей, жалпы алғанда Қазақстанның көші-қон саясаты экономика дамуына үлес қосуға дайын кәсіби мамандар мен инвесторлар үшін ашықкүйінде қалады. Мемлекет ұлттық мүдделерді, еңбек нарығыныңқажеттіліктерін және ұзақ мерзімді демографиялық міндеттерді ескеретін теңгерімді әрі прагматикалық тәсілді жүйелі түрде қалыптастырып келеді.


Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар