Тонналап тәркіленген у: Қазақстан есірткі трафигіне қалай тосқауыл қоюда?

Қазақстан өзінің географиялық орналасуына байланысты есірткі тасымалымен бетпе-бет келіп отыр. Халықаралық есірткі транзиті Орталық Азия-Ресей бағыты арқылы Еуропаға өтеді дейді мамандар. Соңғы жылдары елімізде есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдың сапалы жаңа кезеңі басталды.


ChatGPT Image 1 апр. 2026 г., 15_44_35.png

 (Сурет ЖИ арқылы жасалды)


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023-2025 жылдарға арналған Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарды бекітуі бұл күреске үлкен серпін бергенін айтқанымыз жөн.

 

Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үйлесімді жұмысының арқасында соңғы жылдары айтарлықтай оң нәтиже байқалады. Жыл сайын тонналаған есірткі заттары тәркіленіп, жойылуда. Синтетикалық есірткі түрімен күрес күшейді. Есірткі жасайтын зертханалар табылып, жойылуда. Ел аумағында есірткі өндіретін 75-тен астам жасырын зертхана әшкереленіп, жұмысы тоқтатылған. 10-нан астам ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталып, олардың халықаралық арналары жабылды. Бұл есірткі тасымалын азайтып, қауіпті сейілтуге сеп болуда.

 

Заңнамалық тұрғыдан да оң өзгерістер байқалады. Қазақстан есірткі таратушыларға, әсіресе интернет-дүкендер арқылы сауда жасайтындарға қатысты заңды қатаңдатты. Есірткіні интернет арқылы насихаттау және сату үшін 15 жылдан өмір бойына бос бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған.

 

Қазіргі таңда есірткі саудасының 80%-ы интернет арқылы жүзеге асады. Қазақстандық құқық қорғау органдары «Кибербақылау» жүйесін іске қосты. Бұл жүйе жасанды интеллект көмегімен есірткі жарнамалайтын сайттар мен Telegram-каналдарды автоматты түрде бұғаттайды.

 

Осы және өзге де акциялар, іс-шаралар іске асуда. Қазақстан билігі есірткісіз қоғам құруға әрекетті жалғастыра бермек.


Mezgil.kz



Сәйкес тақырыптар