Бүгінде халықаралық саясат күн сайын өзгеріп, әрбір ел ұлттық қауіпсіздігі мен біртұтастығын сақтап қалуға барын салуда. Алып ықпалға ие саяси күш орталықтары арасындағы текетірестер уақытша тенденция ретінде өткенімен, ел мен жердің біртұтастығы мен қауіпсіздігі басты құндылыққа айналғаны айқын. ХХІ ғасырдың алғашқы ширегінен байқағанымыздай, болашағы жарқын, жаһандық өзгерістерге сәтті бейімделіп, өз ықпалын арттыра алған елдер — білім мен ғылымды бірінші орынға қойған мемлекеттер. Бұл тұрғыда отандық жоғары оқу орындары сапалы маман әрі мемлекетшіл азамат даярлауда маңызды рөл атқарып келеді.

(Дереккөз: www.turan.edu.kz)
Тұран университеті елімізде алғаш болып ашылған жекеменшік жоғары оқу орны ретінде, ашылғалы бері 30 000-нан астам түрлі салада кәсіби мамандар даярлап шығарды. Түлектер арасында министрлерден бастап, еліміздің экономика, мәдениет, қаржы, қоғаммен байланыс және халықаралық саясат салаларында маңызды қызметтер атқарып жүрген азаматтар бар.
Университет аясында оқытылатын 50-ден астам білім беру бағдарламаларының ішінде «Халықаралық қатынастар» және «Аймақтану» бағдарламалары тек елімізде ғана емес, тұтас Еуразия кеңістігінде бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда алдыңғы қатарға шықты. Бұлай деп сеніммен айтуымызға, «Халықаралық қатынастар және дипломатия» жоғары мектебі түлектерінің бүгінде БҰҰ кеңселерінде, Халықаралық көші-қон ұйымында және түрлі елшіліктерде жоғары сұранысқа ие маманға айналуы дәлел.
Түлектердің 70%-ы жоғары оқу орнын бітірген алғашқы жылында өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасады. Қалған бөлігі ғылым жолын таңдап, магистратура және PhD докторантура деңгейлерінде білімін жалғастырады. Мұндай нәтиже кездейсоқ емес. Біріншіден кадр мәселесі. Бүгінде, халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің оқытушы профессорлық құрамының 70% астамы, ғылым канддитаттары, Phd доктораллар мен профессорлардан құралған. Ғылым арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында, жас зерттеушілердің үлесі не ерекше көңіл бөлініп отыр.
Екіншіден, жоғары оқу орнының өндіріс орындарымен және жұмыс берушілермен тікелей, үздіксіз байланыс орнатуы маңызды рөл атқарады. Осыдан он бес жыл бұрын университет жанынан арнайы Дипломат студенттік клубы құрылып, БҰҰ-ның қоғаммен байланыс бөлімімен бірлесіп «БҰҰ моделі» атты студенттік конференция өткен еді. Сол уақыттан бері Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің халықаралық ұйымдармен және Сыртқы істер министрлігімен байланысы бір сәтке де бәсеңдеген емес.
БҰҰ-ның еліміздегі кеңсесімен орнаған жүйелі байланыс нәтижесінде студенттер өндірістік тәжірибеден осы ұйым аясында өтуде. 2022 жылы Тұран университеті жанынан «Халықаралық ұйымдармен байланыс» орталығы ашылды. Орталық аясында студенттер ғана емес, сала мамандарымен кездесулер, талқылаулар және дөңгелек үстелдер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Нәтижесінде, биыл дәстүрлі «Біріккен Ұлттар Ұйымы моделі» студенттік конференциясы он бесінші рет 24 сәуірде өтеді. Биылғы шараның маңызы ерекше. Біріншіден, жаһандық геосаяси жағдай күрделенген кезеңде дөңгелек үстелге он бестен астам елдің елшілері қатысып, өз пікірлерімен бөліседі. Сонымен қатар, 350-ден астам мектеп оқушылары мен колледж және университет студенттері еліміздің барлық өңірлерінен және жақын әрі алыс шетелдерден келіп қатысады.
«Turan Model United Nations 2026» шараcы Біріккен Ұлттар Ұйымы комитеттерінің жұмысына барынша жақын форматта өтіп, әлемдік саясаттың өзекті мәселелерін талқылауға бағытталған іргелі шара. Конференцияға жоғары сынып оқушылары, сондай-ақ Қазақстан мен шетелдің колледждері мен университеттерінің студенттері қатысуда. Қатысушылар түрлі елдердің делегаттары мен ресми өкілдерінің рөлін атқарып, халықаралық келіссөздер тәжірибесін меңгереді. Іс-шара барысында жастар дипломатиялық этикет, шешендік өнер, көшбасшылық, тілдік және ымыраға келу дағдыларын дамытады. Негізгі мақсаты, әрине комитеттер аясында ортақ шешімге келіп, нақты қарар қабылдау. БҰҰ моделі қатысушыларға өз орнын әлемдік қауымдастықтың бір бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл дегеніміз жаңа орта мен студенттік өмірдің ерекше атмосферасын сезінуге жол ашатын шара.
Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді. Барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар мен ерекше сыйлықтар табысталады.
Күн тәртібіндегі басты мәселе - жаһандық саясаттың құбылмалы кезеңінде халықаралық құқықтың мәртебесін қалай қалпына келтіреміз? Сонымен қатар жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар қарқынды дамып, қоғамның барлық саласына еніп жатқан тұста жаһандық қауіпсіздік тұрғысынан олардың рөлі мен ықпалы қалай реттелуі керек? Осы сынды маңызды сұрақтар мың жасаған шаһарымыздың төрінде - 24 сәуір күні Тұран университетінде талқыланып, нақты ұсыныстар әзірленіп, арнайы қарар қабылданады.
Шараға барлық БАҚ өкілдері мен қызығушылық танытқан азаматтар шақырылады. «БҰҰ моделі 2026» конференциясы туралы толық ақпаратты Тұран университетінің ресми веб-сайтынан және әлеуметтік желідегі парақшаларынан біле аласыздар, қадірлі қауым.
«Turan Model United Nations 2026» — тек студенттік конференция емес, жаһандық деңгейде ойлана алатын, жауапкершілігі жоғары жаңа буынның қалыптасу алаңы. Талқыланған әрбір идея мен қабылданған шешім болашақта нақты саясат пен халықаралық ынтымақтастыққа ықпал ететін бастамалардың негізіне айналуы әбден мүмкін.
Тұран унивреситеті
«Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебі»
директоры, PhD, Болашақ бағдарламасы түлегі
Нышанбаев Нурболат
Mezgil.kz