Еліміз еңбек культін арттыру мақсатында идеологиялық бағытты күшейтуде. Адал еңбек, маңдай термен жетістікке жету, сол арқылы қоғамға танылып, абыройлы болу – басты құндылықтардың бірі ретінде дәріптелуде.

(Сурет ЖИ арқылы жасалды)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Адал еңбек — табыстың кілті, ал еңбекқорлық — ұлттың басты қасиеті болуы тиіс» деген еді. Еңбекқор ұлт пен қоғам ғана үлкен жетістікке жетіп, экономика мен мәдениет, білім мен ғылым, медицина мен әскери салада үлкен нәтижелерге қол жеткізеді. Қарапайым еңбек адамын ұлықтау арқылы - жас ұрпаққа жігер мен күштің, қайрат пен қажырлы еңбектің маңызын түсіндіруі іске асуда.
«Еңбек адамы» дегеніміз тек қана қара жұмыс істейтін азамат емес. Бұл жалпы өз ісіне адал қарайтын тұлға. Мейлі ол кенші, мейлі мұнайшы, мейлі офис қызметкері немесе аула сыпырушы болса да, ең бастысы адал еңбек және өз ісіне деген адалдық жатуы тиіс.
ХХІ ғасырды еңбекті ұлықтау ісі маңызды. Мамандар жастардың қаржыны оңай жолмен табуға ұмтылуы, әлеуметтік желідегі алдамшыл көріністер түрлі заңсыз іс-әрекетке итермелейтінін айтуда. Соның ішінде алаяқтық, бәс тігу, үстемеге қаржы беру және басқа бар. Сол үшін де еңбекті ұлықтау, еңбекқор болуға шақыру әрекеттерін маңызды дейді мамандар. Жастарға үлгі: «Оңай олжа» іздеу емес, табандылықпен жетістікке жету трендке айналуы тиіс.
Елімізде табанды еңбекпен нәтижеге жетіп, елдің абыройын асқақтатқан азаматтар жеткілікті. Спорт пен өнер саласында да жетерлік. Қарағанды кеншілері, солтүстіктің егіншілері, оңтүстіктің диқандары, батыстың мұнайшылары ел экономикасының тірегі және еңбекқорлықтың жарқын үлгісі болуда.
Креативті индустрия саласында Димаш Құдайбергеннен бастап, әлемдік деңгейдегі дизайнерлер мен бағдарламашыларға дейін танылып жатыр. Бұл адал еңбек, таза жол, маңдай термен келген жетістік.
Mezgil.kz