Халықаралық EXPO көрме орталығында Наурыз мейрамын мерекелеу аясында балаларға арналған шығармашылық алаң ашылды. Кішкентай қонақтар түрлі мастер-кластар мен арт-іс-шаралар арқылы қиялын еркін дамытып, шығармашылық қабілеттерін көрсете алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

(Сурет Астана қаласының әкімдігі сайтынан)
Тәжірибелі жетекшілердің көмегімен балалар қыш дөңгелегінде жұмыс істеп, саз балшықтан түрлі бұйымдар – қарапайым пішіндерден бастап сәндік мүсіншелерге дейін жасады.
Сонымен қатар, жас қатысушылар аквагрим жасап көріп, бет-әлпетін ертегі кейіпкерлеріне айналдырды. Бұдан бөлек, пластилиннен түрлі мүсіндер жасап, қиялдарын іске асырып, көркемдік талғамдарын дамытты.
Шығармашылық алаң балаларымен келген отбасылар үшін ең тартымды орындардың біріне айналып, білім мен шығармашылықты және ойын-сауықты Наурыз мерекесінің атмосферасында тоғыстырды.
Mezgil.kz