Алматы облысында жастар ұйымдарының көшбасшылары Мақсат Кенешев пен Әдлет Айтқазы жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өткен республикалық референдумға қатысты. Олар Қонаев қаласындағы референдум учаскесінде дауыс берді.

(Сурет: ҚР ОСК)
Мақсат Кенешевтің айтуынша, референдумға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрінісі.
«Референдумға қатысу – бұл тек құқық қана емес, сонымен қатар әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Біз, жастар ұйымдарының өкілдері ретінде, өз үлгімізбен қоғам өміріне белсенді қатысудың қаншалықты маңызды екенін көрсеткіміз келді», – деді ол.
Әділет Айтқазы да жастардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуының маңыздылығын атап өтті.

(Сурет: ҚР ОСК)
«Бүгін біз өз таңдауымызды жасап, елдің дамуына өз үлесімізді қостық. Жастар белсенді болуы керек, маңызды мәселелерді талқылауға қатысып, мемлекеттің болашағына әсер ететін шешімдерді қабылдауға атсалысуы қажет», – деді ол.
Бақылаушылардың айтуынша, референдум учаскесінде жастар ұйымдары көшбасшыларының болуы басқа қатысушылардың қызығушылығын тудырып, жастар үшін белсенді азаматтық ұстанымның үлгісіне айналды.
Mezgil.kz