Астана қаласы әкімдігінің №14 қалалық емханасында жаңа Конституция жобасы түсіндірілді.

(Сурет: elordainfo.kz)
Іс-шараға Amanat мүшелері қатысып, жаңа Ата заңның нормалары туралы баяндап, жаңа заңнаманың еліміздің болашағы мен мемлекетіміздегі әр адам үшін маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ AQNIET кәсіподақ төрағасы Бахытжан Тажібай салалық келісімдер туралы баяндады.
Кездесуде спикерлер мен қатысушылар жаңа заңнамада көрініс тапқан әлеуметтік қорғау мен еңбек адамының құқықтарына қатысты нормаларға ерекше назар аударып, ойларын ортаға салды.
Mezgil.kz