ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің Басшысы Елші Алексей Рогов Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жайлы дипломатиялық корпусқа арналған брифингке қатысты.

(Сурет: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің желідегі парақшасынан алынды)
Кездесу барысында құжаттың негізгі ережелері таныстырылды, соның ішінде адам құқықтарының кепілдіктерін күшейту, мемлекеттің зайырлылық қағидатын бекіту, сондай-ақ цифрлық ортадағы құқықтарды қорғау және халықаралық міндеттемелерді орындау нормалары қамтылды.
Біздің Офис мандатына сәйкес реформаларды ілгерілету мақсатында қабылдаушы елдің мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ барлық ұлттық серіктестермен және мүдделі тараптармен ынтымақтастықты жалғастыруға өз міндеттемесін растайды.
Mezgil.kz