ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында жазушы, драматург Жолтай Әлмашұлының «Олигарх қазақ», «Көктүрік сарыны» және «Клятва любви» атты жаңа кітаптарының таныстырылымы өтті.

(Сурет:https://t.me/madenietaqparat)
Кеш барысында қаламгер шығармашылығының идеясы мен әдеби кеңістіктегі орны сөз болды.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, жазушылар, әдебиеттанушылар мен оқырмандар қатысты.
Кездесуде қаламгер туындылардың жазылу тарихы мен идеялық бағыты туралы айтып берді.

(Сурет:https://t.me/madenietaqparat)
Жазушыға ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хаты табысталды.
Жиынға қатысушылар автор шығармашылығының ерекшеліктеріне тоқталып, туындыларға қатысты ой-пікірін білдірді.
Mezgil.kz