Әлемдік сайыс: Қазақстанның арнайы жасақтары көш бастады!

UAE SWAT Challengе сайысының үшінші күнінде біздің командалар елге ерекше қуаныш сыйлады. Барлық үш жүлделі орын қазақстандық командалар қанжығасында: “Kazakhstan А” “Офицерді құтқару” тапсырмасын рекордтық уақытта (02:00 мин.) орындап, турнир кестесін бастап тұр. Екінші орынды “Kazakhstan В” жеңіп алды, үшінші кезең қола жүлдесі “Kazakhstan C” командасында.


WhatsApp Image 2026-02-09 at 22.34.40.jpeg

 

Тағы екі командамыз 20 үздік қатарында: “Kazakhstan D” 19-шы болып тұр, одан кейінгі орында “Tomiris” қыздар командасы, ол әйелдер арасындағы үздік көрсеткішін қайталады әрі көптеген ерлер командасынан тағы да асып түсті.


Үш кезең нәтижесі бойынша “Kazakhstan С” бірінші орында берік тұр. Оған иық тіресіп,  екінші болып “Kazakhstan А” келеді.

 

Осылайша, қазақстандық арнайы жасақ 48 елдің 109 командасы сайысып жатқан элиталық турнирде озып келеді. 

 

Алда UAE SWAT Challenge турнирінің екі кезеңі қалды. Біз батырларымыз үшін тақымымызды қысып, әлемдік айтулы додадан жеңіспен оралуын тілейміз.


Mezgil.kz

 



Ұқсас тақырыптар