Енді жемқорларға жол жоқ...

Бұрын кинодан көргенді енді Конституциядан көреміз. Американың фильмдерінде ұсталған адамға полицейлер, «сіз үндемеуге, адвокатқа жүгінуге құқылысыз. Әйтпесе айтқан сөзіңіз өзіңізге қарсы қолданылуы мүмкін», - деп сарнап жатады ғой.

1770028143817812.jpg

(Сурет: caravan.kz)

Ал, біздікілер бас салып ұстап, қолын қайырып, жерге жатқызып сүйреп әкетеді. Енді жаңа Ата заңда адам құқығы жан-жақты қамтылады екен.

Яғни, күдікті ұсталған сәтте бостандығын шектеу негізі мен құқықтары толық түсіндірілуге тиіс. Бұл қадам процедуралық кепілдіктерді конституциялық деңгейге көтеріп отыр.

Сонымен қатар жеке өмірге қол сұқпау құқығына, жеке және отбасы құпиясының болу құқығына, цифрлық деректерді қорғау құқығы беріліп отыр.

Назар аударатын келесі мәселе, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтардың сайлауға және жалпыхалықтық референдумға қатысу құқығы жоқ. Бұл тәртіп сот үкімімен бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген азаматтарға да жүреді.

Осы бөлімдегі ең басты өзгеріс – сот сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға қатысы бар деп таныған азаматтардың сайлану құқығына тыйым салынады. Бір сөзбен айтқанда жемқорлар депутат бола алмайды.

Бұл өзгеріс қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау мен мемлекеттік биліктің адалдығын қамтамасыз етеді. Сайлау арқылы билікке келетін тұлғалардың заңға бағынуын, моральдық және құқықтық талаптарға сай болуына кепілдік береді. Бұрын «Жемқорлыққа жол жоқ» деп ұрандатсақ, енді жемқорларға жол жоқ.

Диас Нұрақын

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар