Президент жолдауы және ЖИ: Алматы IT қызмет бойынша көшбасшыға айналды!

Қазақстан жасанды интеллект саласын дамытуға ерекше мән беруде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы ел халқына жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» деп аталды. Осылайша Қазақстан мемлекеттік басқаруда, қоғамдық іс-әрекетте, қаржылық секторда, шешім қабылдауда жасанды интеллектіге, цифрлық технологияларға арқа сүйейтінін көрсетуде. Ал бұл міндетті атқаруда Алматының рөлі зор болмақ.


_gluster_2025_3_28_c9727142a15d681644dee6e4d3c6a753_1280x720.JPG

(Сурет dknews.kz сайтынан алынды)

 

Алматы қаласы жасанды интеллект саласының дамуына өлшеусіз үлес қосуда. Оқу орындары, стартап жобалар, жастар арасындағы байқаулар мен халықаралық конференциялар, сарапшылар кеңесі және басқа Алматыны ЖИ саласының көшбасшысы етуде.

 

Алматыда жыл сайын цифрландыру күніне байланысты «Digital Day» форумы өтеді. Қарашаның соңғы күндерінде Алматы IT саласының майталмандарын жинап, кезекті форумды өткізді. Ол «Digital Day: Таланттар. Коллаборациялар. Интеллект» деп аталды. Бұл форумды Qazaq IT Community жыл сайын ұйымдастыруда. Биыл форумға әдеттегідей сақа сарапшылар, жас мамандар мен стартап өкілдері, іскерлік қауымдастық қатысты.

 

Форумда Алматының жасанды интеллект саласындағы үлесінің үлкен екені сандармен айтылды. Бүгінде Алматы еліміздегі IT-қызметтің 56,5%-ын беруде. Яғни, еліміздегі барлық облыстан, қалалардан оқ бойы алда деген сөз. Қаланы басқаруда жасанды интеллект барынша пайдаланылуда. Алматынының қоғамдық көліктерінде, жедел жәрдем машиналарында арнайы камералар орнатылуда. Арнайы камералар арқылы жол бағандарының бар-жоқтығын көруге болады.

 

Алматы қаласында ақылды камералардың да саны артуда. 2022 жылы қалада 10 мың камера болса, қазір олардың саны 57 мың камераға жетті. Ал 2026 жылы камералар саны тағы артатын болады. Осынша көп камерадан түсетін ақпаратты жасанды интеллект көмегінсіз саралау, сараптау мүмкін емес. Қаладағы ойын-сауық орталықтарында да ЖИ-мен сараптама жасайтын камералар орналастырылуда. Бұл заңнан жалтарып, іздеуде жүрген азаматтарды анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша ЖИ қаланың қауіпсіздігіне де үлес қосуда.

 

Алматыда жасанды интеллект медицина саласында да кеңінен қолданылуда. ЖИ жүйелері медициналық деректерді, соның ішінде рентген, МРТ, КТ және лабораториялық зерттеулерді талдауға қабілетті. Осылайша ауруды ерте кезеңде анықтауға көмектеседі. ЖИ науқастың қазіргі жағдайын ескере отырып, емдеудің ең тиімді жолдарын ұсынады. Ол тамақтанудан бастап дәрі қабылдау уақыттарын да нақты түзе алады. ЖИ-мен жабдықталған құрылғылар пациенттің жағдайын үздіксіз қадағалай алады. Мысалы жүректің соғысы, қандағы қант мөлшері, қысым деңгейін анықтайды. Алматы қаласының медициналық орталықтары ЖИ көмегіне жүгінуді арттырған. Дәрігерлер науқастарды қабылдау, нақты диагноз қоюды өздері іске асыруда. Ал ЖИ қосымша көмекші қызметін атқаруда.

 

Алматы мемлекет басшысының «Қазақстан экономикасын жасанды интеллект арқылы көтеру» міндеттемесін іске асыруда өзгелерден оқ бойы озық тұрған қала. Бұл артықшылықты алып шаһар сақтап қалуға және ЖИ саласындағы үлесін арттыра беруге ниетті.


Mezgil.kz

 

 



Ұқсас тақырыптар