«Таза Қазақстан»: Алматының Жетісу ауданында Сейфуллин–Жансүгіров жолайырығын көгалдандыру жалғасып

Алматының Жетісу ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында көгалдандыру және көріктендіру жұмысы қарқынды жүріп жатыр.

1764078274698621.jpeg

(Сурет: Алматы қаласы әкімдігінен алынды)

Ауданның мәліметінше, бүгінгі күнге дейін 800 түп көшет отырғызылды, сондай-ақ Сейфуллин–Жансүгіров жолайырығы маңында ірі көлемді ағаш егу жалғасып келеді. Жалпы, бұл аумақта 500 түп үйеңкі мен жөке отырғызылады.

Жолайырықтың айналасында қоғамдық кеңістіктерді кешенді көріктендіру толық аяқталды. Жалпы аумағы – 3,4 гектар. Мұнда 30,4 мың м² аумақ көгалдандырылып, 5,8 мың м² кеспе тас төселді, суару жүйесіне арналған жеті ұңғыма бұрғыланды және 3,5 гектарға автоматты суару жүйесі орнатылды. Бұдан бөлек, 14 мың бұта, 192 ағаш және 2 400 гүл егіліп, екі альпілік төбе жасалды.

Жалпы алғанда, биыл Жетісу ауданында ағаш егу жоспары толық орындалды — барлығы 1 300 көшет отырғызылды. Барлық жасыл желекке тиісті күтім жасалады, ал қураған ағаштардың орнына дереу сау ағаштар егіледі.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар