Асу Алмабаев: Қазір көшпенді емес, өсек айтатын халық боп кеттік!

Қазақстандық UFC жауынгері Асу Алмабаев Дохада өткен жарыстан кейін Бекзат Алмаханның жеңілісіне қатысты пікір білдірді.

1764059089633972.jpeg

(Сурет: nur.kz)

Себебі сол кеште Бекзат октагонда жеңіліп қалды. Асу баспасөз мәслихатында ашық айтып, бауырын сынға жығып жібермей, керісінше қолдау көрсетуге шақырды. Оның айтуынша, осы деңгейге жетіп, шетелге келудің өзі, қапталда тұрған октагонға бір қадам жақындаудың өзі үлкен ерлік екенін айтты.

«Бекзаттың жекпе-жегі көз алдымда өтіп жатты. кішкене көңіл-күйім түсіп қалды. Әрбір киім ауыстыратын, дайындалатын бөлмеде теледидар бар. Сол жерден көріп отырдық. Ол бауырым ғой, қолдайық. Осындай кезде қолдамағанда қашан қолдаймыз? Осы жерге жетудің өзіне, октогонға кірудің өзіне адамға жүрек керек.

Айтамыз ғой: «Қазақтар көшпенді қалықпыз», - деп. Әр салмақта екі-үш қазақтан болсын. Қазір көшпенді емес, өсек айтатын халық боп кеттік. Басқа ұлттарды қарасаңыз, әр салмақта өзара бәсеке бар. Бізде бары екі-үш қазақпыз, соның өзін жерден алып, жерге саламыз», - деп пікірін білдірді Асу Алмабаев.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар