Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр

Түрксіб ауданы Алматыдағы ең көгалданған ауданның бірі болып қала бермек. ӨКҚ брифингінде аудан әкімі Бақытжан Ақжаров осылай деді.

1763462429614909.jpg

(Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды)

Ауданда 772,5 мыңнан астам ағаш, 63 жасыл аймақ бар, оның ішінде 5 парк, Баум тоғайы мен 15 алаңқай орналасқан.

2025 жылы көгалдандыру бойынша өте көп жұмыс істелді:

•             1190 кесек ағаш пен 55,6 мың бұта егілді;

•             20 000 ағаш кесіліп,  4974 ағашты пішіндеп кесіп шықты;

•             2800 ағаш қырқылды;

Майлин, Бұқтырма, Құлжа тас жолы, Сүйінбай мен Сейфуллин көшесінің бос аймақтарын абаттандыруға көп көңіл бөлінді. Бұл жерлерге бұта егіліп,  автосуару жүйесі орнатылды.

2026 жылға арналған жоспар:

•             980 кесек ағаш пен 32,5 мың бұта егіледі;

•             20 000 ағаш қырқылып, 4974 ағаш пішінделіп, 2800 ағаш кесіледі;

•             Ақан Сері, Хасангалиұлы, Шолохов пен Рысқұлов көшесі көгалданады;

Бұл жұмыстар ауданның жасыл-желегін сақтап, дамытуға, Түрксіб ауданының тұрғындарына жайлы да таза қалалық орта құруға бағытталған.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар