Белгілі әдебиет сыншысы Ғалым Доскен өмірден өтті

Белгілі әдебиет сыншысы, филолог, қазақ журналистикасының қалыптасуына сүбелі үлес қосқан көрнекті тұлға Ғалым Доскен өмірден өтті.

1762857013194558.jpg

(Сурет: baq.kz)

2000-жылдардың басында «Қазақстан»  телерадиокорпорациясының басқарма төрағасы болған білікті медиаменеджер талай ұлттық жобаның жарыққа шығуына ықпал еткен еді. 

«Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» мен «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» атты антологиялық жинақтардың авторы ретінде ұлттық өнердің баға жетпес мұрасын келер ұрпаққа жеткізді. Көгілдір экран арқылы көпшілікке жол тартқан «Алтын сақа», «Ақжүніс», және «Үзеңгі жолдас» сынды мәдени тарихи-танымдық бағдарламалар әлі елдің есінде. Сол уақытта ұлт руханиятын жоғын түгендеп, өнерге өң, өнерліге дем берген қайраткер 65 жасында фәниден бақиға бет түзеді.

Кенжехан Матыжанов, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры: «Ғалым шынында да ерекше талантты, арда жігіт еді. Оның жасап кеткен еңбегі, өмірдегі бейнесі қазақ халқының, зиялы қауымның жүрегінде бәрібір қалады. Ғалымның халқына беріп кеткен рухани байлығы, егіп кеткен дүниесі түптің түбінде шығады. Бақұл бол, аяулы дос», - деп көңіл айтты.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар