Жемқорлықты жеңу: Сіз де үлес қосыңыз!

Еліміз сыбайлас жемқорлықты жою үшін күресті жалғастыруда. Transparency International ұйымының 2024 жылғы соңғы мәліметі бойынша, Қазақстан 180 мемлекеттің ішінде 88-орынға жайғасты. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда жақсы көрсеткіш. Қазақстан бұл көрсеткішті әлі де жақсарту жолында шаралар қабылдауда. Мемлекетіміз сыбайлас жемқорлық деңгейі аз елдердің қатарына қосылуды мақсат етуде.


1744295309.jpg

 (Сурет kt.kz сайтынан алынды)


Сыбайлас жемқорлықпен күресті жемісті ету үшін реформалар жасалуда. Заң қатаңдатылуда. Жемқорлықпен күресті нәтижелі ету үшін азаматтардың да белсенді түрде қатысуы маңызды.

 

Біріншіден, азаматтар сыбайлас жемқорлыққа бару, пара беру немесе пара алудың қылмыс екенін, ал қылмыстың өтемі жаза екенін түсінуі шарт. Ол үшін арнайы түсіндірме жұмыстары іске асуда. Үнпарақтар таратылып, кездесулер ұйымдастырылып, арнайы роликтер көрсетілуде.

 

Екіншіден, жемқорлық фактілері туралы азаматтар арнайы органдарға хабарласа алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға көмек көрсеткен тұлға мемлекеттің қорғауында болады. Жемқорлыққа қатысты фактіні айтқан тұлға туралы ақпарат құпия сақталады.

 

Жемқорлық фактісін білетін азамат арнайы органдарға хабарласа алады. Құнды ақпарат үшін сыйақы төленеді. Сыйақы сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін, сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыс жасап, іздеуде жүрген тұлғаның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге көмектескен өзге де іс-әрекеттері үшін беріледі.

 

Есіңізде болсын! Әр азамат сыбайлас жемқорлықты жоюға үлес қоса алады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар