Қазақстанның – жаһандық ынтымақтастықтың үлгісі!

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты тәуелсіздік жылдарында үлкен жолдан өтті. Елдің басты мақсаты – әлем елдерімен тең дәрежеде әріптестік орнату және ұлттық мүддені қорғау. Бүгінде Қазақстан әлемдік саясатта сенімді серіктес, бейбітшілік жақтаушысы және аймақтық тұрақтылықтың тірегі ретінде танылып отыр.

1761135372920201.jpg

(Сурет: check-point.kz)

Қазақстанның сыртқы саясатының негізі – бейбітшілік, өзара құрмет және тең әріптестік қағидаттары. Елдің халықаралық беделі көптеген ұйымдармен байланыс орнату арқылы нығайды. Мысалы, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының, Ислам ынтымақтастық ұйымының, Дүниежүзілік сауда ұйымының және ТМД, ЕАЭО сияқты бірлестіктердің белсенді мүшесі.

Сондай-ақ Қазақстан ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекеттердің бірі ретінде бүкіл әлемге үлгі болды. Бұл шешім елдің қауіпсіздік саясатын жаңа деңгейге көтерді және халықаралық қоғамдастықтың құрметіне ие етті.

Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды бағыттардың бірі – экономикалық дипломатия. Соңғы жылдары ел шетелдік инвестиция тарту мен экспорттық әлеуетті арттыруда айтарлықтай жетістіктерге жетті. Елімізде 60-тан астам мемлекетпен инвестициялық және сауда келісімдері бар. Әсіресе Түркия, Корея, Германия, Қытай және АҚШ сияқты елдермен бірлескен жобалар іске асырылуда.

Бұдан бөлек, Қазақстан жаһандық мәселелерге белсенді үн қосып келеді. Астана процесі, Сириядағы бейбіт келіссөздер алаңы, ядролық қауіпсіздік саммиттері – еліміздің әлем алдындағы жауапкершілігін айқындайтын нақты мысалдар.

Қазіргі таңда Қазақстан жаңа бағыттарға да ерекше назар аударып отыр. Олардың қатарында жасыл экономика, климат саясаты, цифрлық даму және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық бар. Бұл бағыттар арқылы ел халықаралық деңгейдегі жаңа сын-қатерлерге бейімделіп, тұрақты дамудың жаһандық күн тәртібіне өз үлесін қосуда.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанның сыртқы саясаты жаңаша серпін алып келеді. Мемлекет басшысы халықаралық қатынастарда теңгерім мен прагматизмді басшылыққа ала отырып, ұлттық мүддені басты орынға қойып отыр.

Қорытындылай айтқанда, Қазақстан Республикасының халықаралық және сыртқы саясаты – елдің тәуелсіздігін нығайтқан, беделін арттырған және болашағын айқындаған маңызды бағыт. Елдің әрбір сыртқы қадамы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қызмет етіп келеді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар