Елімізде ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік интеграциялау мен қолдауды күшейту – қазіргі заманғы қоғам үшін маңызды міндет. Қазақстан осы бағытта бірқатар оң қадамдар жасап келеді. Қазақстан саналық және құқықтық тұрғыдан бұл жұмыстарды жалғастыра бермек.

(Сурет sv.zarnews.uz сайтынан алынды)
Қазақстанда 735 мыңнан астам ерекше қажеттілігі бар адам тұрады. Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағы адамдар саны 430 мыңнан астам. Жыл өткен сайын мүмкіндігі шектеулі жандардың саны артуда. Соңғы 10 жылда мүмкіндігі шектеулі жандардың саны артқан көрінеді. Ал біздің мақсатымыз, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға шектеусіз мүмкіндік сыйлау болып табылады. Осы мақсатта Қазақстан үлкен жұмыстарды іске асыруда.
Білім беру саласында реформалар жүріп жатыр. Білімді әр азамат алуға құқылы. Білім беру ұйымдарында инклюзивті орта қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Арнай инфрақұрылым жасалуда, педагогтар тиісті курстардан өтуде.
Қазақстан 2015 жылы БҰҰ-ның «Мүгедектердің құқықтары туралы» конвенциясын ратификациялаған еді. Сол құжаттың аясында Қазақстан жүйелі өзгерістерді іске асырып жатыр.
Заңдар мен нормативтер арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға білім, еңбек, әлеуметтік қызметтерге тең қолжетімділік беру мақсатында шаралар қабылданды.
Физикалық тұрғыдан қоршаған ортада, жолдарда, білім беру мекемелерінде, тұрғын үй саласында мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы өзгерістер енгізілуде. Арнайы жол белгілері, дыбысты құрылғылар, арнайы көлік (инватакси) қызметтері ашылуда. Барлық мекемелерде пандустардың болуы талап етілуде.
Тұрғын үй мәселесіне де көңіл бөлінуде. Әлеуметтік жағынан осал топтарға тұрғын үй бірінші кезекте берілуде. Арнайы бағдарлама да қабылданды. Билік органдарында қызметке тұру мақсатында, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналып арнайы квота енгізілді. Қазіргі таңда ел парламентінде аталған квота бойынша бірнеше азамат қызмет етуде.
Қазақстан аталған жұмыстарды жалғастыра бермек. Еліміздің мақсаты барлық азаматқа қолайлы орта қалыптастыру, адамдарға тең құқық беру және бірдей мүмкіндік сыйлау.
Mezgil.kz