Қазақ халқы үшін отбасы – рухани тірек, адамгершілік бастауы, ұлттың болашағын айқындайтын негізгі ұя.

(Сурет: gov.kz сайтынан алынды)
Қазіргі жаһандану дәуірінде дәстүрлі құндылықтар өзгеріске ұшырап, материалдық мүдде мен жылдам өмір салты кейде рухани байланыстарды әлсіретіп жібереді. Осындай кезеңде отбасы құндылығын сақтау – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті.
«Бүгінде Қазақстанда отбасы институтын нығайту мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы жыл сайын берік байланыс пен өзара сыйластықтың үлгісін көрсетіп келеді. Сонымен қатар, Президент бастамасымен қабылданған «Отбасы және гендерлік саясат тұжырымдамасы (2023–2030)» қоғамда гендерлік теңдікті сақтай отырып, отбасылық жауапкершілікті арттыруды көздейді. Бұл құжатта ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасылық құндылықтарды насихаттау шаралары қамтылған», - дейді ардагер ұстаз Берікжан Тазабеков.
Әлеуметтік саясат тұрғысынан да қолдау мол: «Жанұя» орталықтары еліміздің көптеген аймақтарында ашылып, психологиялық және заңдық көмек көрсетуде. Бұдан бөлек, «Көпбалалы отбасыларды қолдау», «Ана капиталы», «Бақытты отбасы» сияқты жобалар арқылы тұрғын үй, несие жеңілдігі, әлеуметтік көмек бағыттары кеңейтілген.
Журналист Томирис Маратқызы: «Отбасы туралы әңгіменің түп-тамырында махаббат пен жауапкершілік тұрады. Егер әр ата-ана өз баласына өнеге, ал қоғам өз отбасыларына құрмет көрсете білсе – елдің ертеңі нұрлы болары сөзсіз. Мемлекеттің қолдауы бар жерде, рухани іргесі мықты қоғам қалыптасады», - дейді.
Mezgil.kz