Жалған ақпаратқа қарсы орталықта «ақпараттық толқындардың» жасалу технологиясы талданады

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымында жасанды «ақпараттық толқындардың» жасалу технологиясы талданады.

1759500060295399.jpg

(Сурет: egemen.kz)

Нақтырақ айтқанда әлеуметтік желілерді лезде қамтып, қоғамда алаңдаушылық тудырып, адамдардың мінез-құлқына ықпал ететін жарияланымдардың күрт артуы жайлы.

Мұндай толқындар өздігінен пайда болмайды: олардың артында тұтас технологиялар тұр - боттар желісі, тапсырыс берілген пікірлер, нысаналы жарнама мен синхронды ақпараттық вбростар.

Мақсат – қоғамды алаңдаушылыққа батырып, жаппай наразылықтың жалған иллюзиясын қалыптастыру.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы сізге шынайы мәселені қолдан жасалған ақпараттық себептен ажыратуға көмектеседі. Өзіңізді адастыруға жол бермеңіз және бұл мәліметпен жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар