Қазақстандық студенттер III Түркі универсиадасында 23 медаль жеңіп алды

3-9 қыркүйек күндері Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында жоғары оқу орындары студенттері арасында III Түркі универсиадасы өтті.

1757435945209822.jpeg

(Сурет: ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігінен алынды)

Универсиадаға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің студент-спортшылары қатысты. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түркия Республикасы және Өзбекстан Республикасы спортшылары. Жарыс волейбол, футзал, үстел теннисі, шахмат, дзюдо, еркін күрес және грек-рим күресі сияқты 7 спорт түрі бойынша өтеді.

III Түркі универсиадасына барлығы 5 елден 450 делегат қатысса, Қазақстан құрамасын 15 жоғары оқу орнынан келген 66 спортшы таныстырды. Олар барлық 7 спорт түрінен бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық студенттер 8 алтын, 4 күміс және 11 қола, жалпы саны 23 медаль иеленді.

Келесі IV Түркі универсиадасы 2027 жылы Түркия Республикасында өтеді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар