Astana 2025 World Boccia Challenger турниріне дайындық басталды!

4–21 тамыз аралығында спортшыларымыз Паралимпиадалық жаттығу орталығында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Ұлттық құрама сапындағы 16 спортшы арнайы шақырылған шетелдік маман — Таиланд құрамасының бас бапкері Surmit Kotsila-мен тәжірибе алмасып, шеберлігін шыңдап жатыр.

 1755354656282520.jpg

(Сурет:Ұйымдастырушылардан алынды)

Халықаралық турнир 20–28 тамыз аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Бұл жолы Қазақстан намысын 10 спортшы қорғайды.

 

Айта кетейік, жарысқа 12 елден 60-қа жуық спортшы қатысады. Бағдарламада жекелей, жұптық және командалық сайыстар қарастырылған.

 

Бұл турнир — 2028 жылғы Лос-Анджелес Паралимпиадасына іріктеу кезеңі әрі спортшылар үшін рейтингтік ұпай жинауға мүмкіндік беретін маңызды жарыс.

 

Бочча елімізде 2018 жылы тірек-қимыл жүйесі бұзылған балалардың ата-аналарының бастамасымен дами бастады. 2021 жылы Қазақстан бочча федерациясы құрылып, спорт ресми деңгейге көтерілді.

 

Келіңіздер, жерлестерімізге қолдау көрсетейік!


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар