365 млн доллар дивиденд: ERG ел бюджетін еселеді

 Ең алып компаниялардың бірі Eurasian Resources Group (ERG) Қазақстан бюджетіне 365 млн доллар дивиденд төледі. Дәл осындай жаңалықты бүгін Қаржы министрі Мәди Тәкиев Үкіметте өткен жиында мәлімдеді.

 1755257604646365.jpg

(Сурет:ERG дан алынды)


Eurasian Resources Group (ERG) табиғи ресурстарды өндіру және қайта өңдеу саласындағы әлемдегі ірі компаниялардың бірі болып табылады. ERG-нің басты акционері (40%) — Қазақстан Республикасының Үкіметі.

 

Қаржы министрі Мәди Тәкиев Үкіметте өткен брифингте: «Қазақстан ERG-ден 365 млн доллар дивиденд алды. Бұл қаражат бұрын Люксембургте тоқтатылған болатын», — деп хабарлап, өткен-кеткен жайлардың мән-жайын ашып берді.

 

Министр сөзін жалғастырып: «Биыл біз өткен жылдары 365 млн доллар дивиденд алдық. 2024 жылдың қорытындысы бойынша қаржылық есептілік енді ғана аяқталды. Әзірге нәтижелерді көрген жоқпын. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша келесі жылы қарайтын боламыз. Бірақ өткен жылдары, 2021–2022 жылдары біз өз ақшамызды алдық. Олар бұғаттан шығарылды», — деді.

 

Eurasian Resources Group (ERG) компаниясының Қазақстандағы кәсіпке инвестиция салу туралы бастамасына нақты дәлел ретінде елімізде Қарағанды өңірінде ашылған кокс-химиялық зауытты мысал етіп алуға болады.

 

Елімізде ашылған кокс өндірістік потонцалы туралы  ERG директорларының төреғасы Шухрат Ибрагимовтың өзі былай дейді : “Еліміз осыған дейін өндіріске қажетті коксты шетелден  импрттап келген болса енді шубар көл  көмір ақ базасында ашылған химялық зауот еліміздегі ,кокс химялық зауот еліміздегі кокс хиялық зауотқа қатысты ипртқа тәуелдәләктен құтқаратын болады .Әсіресе ERG дің барлық кәсіп орындарын қажетті  кокс хиямялық өнімді осы өзіміздің зауыт өндіріп шығатын болады ,Болашақта Қазақстандық кокс химяилық өнімді шетелгеде экспрттау жоспарымызда бар”-  деді.

Бұрын елімізге беруден гөрі алуды басты орынға қойған ERG директорлар кеңесінің ескі басшылары ауысып, тізгінді Шухрат Ибрагимов қолға алғаннан бері бұрынғы, тек пайданы ойлаған тірлік мүлдем өзгерді деуге болады. Жаңа бас директор инвестицияны тек Қазақстанға саламын деп, өзге бизнесмендерге үлгі көрсетті. Сонымен, «Сабақты ине сәтімен» дегендей, отандық кәсіпкерлерге ақшасын шетелге шашпай, еліміздің игілігіне жұмсау дәуірінің дауылпазы бола білді.

 

ERG — Қазақстан экономикасындағы ең ірі компаниялардың бірі. Жалпы, ERG-де 60 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания еліміздің бюджетін толықтырып қана қоймай, өз қарамағындағы әрбір жұмысшыға қолайлылық жасау мен кәсіпкерлікті дамытуға басымдық береді. ERG-нің Қазақстан экономикасына қосып отырған үлесі мен отандық инвестицияға бет бұруы — ел игілігі үшін жасалып жатқан маңызды қадам. Компанияның ұлттық даму мен жұмыспен қамтуды қолдайтын ұстанымы — еліміздегі ірі бизнес үшін үлгі бола алады.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар