Шымкенттегі жанжалға байланысты ПД пікір білдірді

 Шымкент қаласында аурухана қабылдау бөлімінде екі ер адамның арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келгенімен мекемеде тыныштық сақталмаған.

 1755096397115711.jpg

(Сурет:https://zhasalash.kz/)

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жанжал кезінде бір ер адам екіншісіне соққы беріп, салдарынан бас сүйек-ми жарақатын алған. Дәрігерлер зардап шеккен азаматқа шұғыл көмек көрсеткен.


Куәгерлердің айтуынша, алғашқы соққыдан кейін жанжал шығарған ер адам ашуын баса алмай, полиция қызметкеріне де қоқан-лоқы жасаған.

 Полиция департаменті оқиғаға қатысты күдіктінің ұсталғанын растады.


Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар