Президент тазы мен төбет тұқымын сақтау және насихаттау жұмыстарын жалғастыруды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың тазы ит тұқымын халықаралық деңгейде ұлттық бренд әрі мәдениетіміздің ажырамас бөлігі ретінде кеңінен танытудың маңыздылығын атап өтті. Жуырда бұл тұқым өкілдері Дүниежүзілік ит көрмесі – World Dog Show 2025-те сәтті өнер көрсеткені белгілі.

1754837645121345.jpg 

(Сурет:https://www.aikyn.kz/)

Президенттің айтуынша, мемлекеттік органдар мен Қазақстан кинологтар одағы бірлесіп, тазы тұқымының бірегей қасиеттерін дамыту және сақтау, жүйелі ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ халықаралық көрмелерге тұрақты қатысу бағытында белсенді жұмыс атқаруы қажет.

 

Мемлекет басшысы Президент Іс басқармасына, экология және табиғи ресурстар, ғылым және жоғары білім, ауыл шаруашылығы, сыртқы істер министрліктеріне және басқа да салалық органдар мен жергілікті әкімдіктерге бірлескен кешенді жоспарды жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдастырушылық шараларды қабылдауды тапсырды.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев төбет тұқымын қолдау бағытында да мемлекеттік құрылымдардың қатысуымен осындай ауқымды жұмыс жүргізу керектігін айтты.


Бұл мәселе Президент Әкімшілігінің тұрақты бақылауында болады.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар