Қазақстанның бейбітшілік жолы бұл елдің сыртқы саясатындағы негізгі бағыттарының бірі. Қазақстан Тәуелсіздік алған сәттен бастап өз дипломатиясында бейбітшілік пен диалогты басты құрал ретінде қолданып келеді. Қазақ елі қақтығыстар мен дау-дамайларды келіссөз үстелі арқылы шешу керектігін дәлелдеуде. Нақты істер және шынайы мысалдар да бар. Біз үшін ең нашар бейбітшілік ең қанқұйлы соғыстан әлдеқайда жақсы. Қазақстан билігі қақтығыстарды бітім арқылы шешудің бірнеше үлгісін де ұсынды. Біздің бейбіт саясатымызға әлем куә.

(Сурет tumba.kz сайтынан алынды)
Астана көпвекторлы саясатты басшылыққа алуда. Біз бір елмен ғана емес, әлемдегі барлық елмен тең дәрежелі саясат ұстанудамыз. Осылайша Қазақстан Қытаймен де, Ресеймен де, АҚШ-пен де, Еуропа елдерімен де қатынас орнатқан. Бұл біздің бейбітшілік бастамаларымызды алға жылжытуға сеп болуда.
Қазақстан ядролық қарусыз әлем идеясын халықаралық деңгейде белсенді түрде ілгерілетіп жүрген елдердің бірі. 1991 жылы Қазақстан Семей ядролық сынақ полигонын жапты және КСРО-дан қалған ядролық арсеналды толықтай жойды. Осы арқылы Қазақстан әлемге ядролық қарудан бас тартудың нақты үлгісін көрсетті. Бұл аса маңызды еді. Себебі әлем елдері керісінше ядролық қару иемденуге ұмтылып, бейбітшілікті екінші орынға ысыруда. Ал Астана бұл қаруды иемдену түптің түбі адамзатты жоятынын айтуда.
Бейбітшілікті сақтаудың ең маызды факторы ұлттар және діндер арасындағы татулықты сақтау болып саналады. Себебі бұл сипаттағы қақтығыстар әлемде ең ұзаққа созылатын қақтығыстар болып есептеледі. Сол үшін де Қазақстан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі шақырды. БҰл конфессияаралық диалогқа арналған басты платформа саналады. Сонымен бірге ұлттар арасындағы татулықты сақтау мақсатынды Қазақстан Халқы Ассамблеясы да құрылды.
«Астана процесі» (Сирия бойынша бейбіт келіссөздер) — Сириядағы қақтығысты саяси жолмен реттеуге бағытталған маңызды келіссөз алаңы бола білді. Қазақстан Сириядағы жауласушы тараптардың арасында келіссөз ұйымдастырып, гуманитарлық миссияны іске асырды.
Орталық Азия елдері арасындағы достық және серіктестік қатынастарды нығайту Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып саналады. Қазақстан шекаралық дауларды бейбіт жолмен шешіп, су ресурстары, көлік-логистика және энергетикалық қауіпсіздік мәселелерінде аймақтық интеграцияға мүдделі екенін айтуда. Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан арасындағы қақтығыстарды бейбіт реттеуге атсалысты.
Қазақстан өзін бейбіт, диалогқа ашық және көпвекторлы саясат ұстанатын мемлекет ретінде көрсете білді. Бұл бағыттағы бастамалар елдің халықаралық беделін арттырып, оны сенімді және бейтарап серіктес ретінде танытып келеді.
Mezgil.kz