Дәрігер: Еліміздегі медицина саласында даму бар. Күрделі оталар бізде жасалады!

Еліміздегі  денсаулық сақтау саласында ілгерлеушілік бар. Қазір күрделі оталар өз елімізде де жасалады.

1753099137971578.jpg

(Сурет: Алматы кардиологиялық және ішкі аурулар ғылми зерттеу орталығынан алынды)

Адам денсаулығын сақтап қалуды мақсат еткен дәрігерлеріміздің біліктілігі мен білімі артып, ел игілігі үшін жұмыс істеуде. Сондай орталықтың бірі Алматы қаласындағы кардиологиялық және ішкі аурулар ғылми зерттеу орталығы. Жақында  бұл орталықта  тұңғыш рет күрделі ота жасалды. Отаның маңыздылығы алғаш рет кардиостимуляторсыз жүректің ырғағы қалыпқа келтіріліп, кардионейроабляция сәтті жасалды, деп мәлімдеді қалалық кардиология және ішкі аурулар ғылыми орталығының баспасөз қызметі.

Отаны кардиология орталығы аритмология бөлімінің меңгерушісі Артур Әбдімомынов жасады.  Тексеру нәтижесінде  22  жастағы науқастың жүрек ырғағында  ауытқу байқалған.

«Жүрек ырғағында ауытқуы бар науқастарға көбінесе  кардиостимулятор қойылатын. Ал қазір медицинаның арқасында кардиостимулятор орнатпай-ақ жүрекке шамадан тыс вегетативті жүйке жүйесі арқылы  әсер етумен мүмкіндік алдық», - дейді дәрігер.

Кардионейроабляция  дегеніміз - денеге артық  зиян келтірмейтін тиімді әдіс. Ол  ең алдымен науқасты  құрылғыға тәуелді болудан сақтайды.  Бұл ота кардиологиялық орталықтың базасында алғаш рет жасалынып отыр. Жүрек ырғағында ақауы бар науқастарға, жүректің  функционалдық жағдайын ретке келтіруге  мол мүмкіндік ашты.

Алматы қаласы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу орталығының басқарма басшысы Марат Пашимовтың айтуынша, орталықта жүрек ақауын қалыпқа келтіруге  арналған  оталар жиі жасалады екен.

«Бүгінде медицина саласы ерекше  назарда.  Елімізде бұл саланы дамытуға барынша қолдау көрсетілуде. Қазір орталық  мамандары  біліктілігін арттырып, ізденіп жүрек ақауын ретке келтіретін отаны енгізді. Жоғарыда атап өткендей бұрын науқастарға жүрекке кардиостимулятор орнатылатын. Қазір  мамандарымыз құрылғысыз,  жүрек ақауын ретке келтіретін әдістерді қолдануда. Бұл адамарды құрылғыға тәуелді етпей, тиімді әдіспен емдеуге жол ашты», - деді орталық басшысы.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар